Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото istockphoto.com
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйене отырып, Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
2025 жылдың қазан айының басынан бастап елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бір бөлігі арзандады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бюро деректеріне сәйкес, қазан айының алғашқы аптасында сегіз түрлі өнімнің бағасы төмендеген. Атап айтқанда, пияз – 2,6%-ға, сәбіз – 1,7%-ға, қырыққабат – 1%-ға, картоп – 0,8%-ға, күнбағыс майы мен қант – 0,3%-ға, ал ұн мен күріш – 0,1%-ға арзандады.

Сонымен қатар, нан, рожки, тауық еті, айран және тұз бағасы өзгеріссіз қалды.

Дегенмен кейбір өнімдердің бағасында аздаған өсім байқалды: қарақұмық жармасы – 0,7%-ға, сиыр еті – 0,4%-ға, сары май мен жұмыртқа – 0,3%-ға, сүт пен сүзбе – 0,1%-ға қымбаттады.

Министрліктің хабарлауынша, өңірлік комиссиялар баға қалыптастыру тізбегіндегі негізсіз делдалдарды анықтау және бағаның шекті деңгейден аспауын бақылау жұмыстарын күшейткен. Жыл басынан бері 797 отырыс өтіп, нәтижесінде 2 293 әкімшілік қаулы қабылданған.

Сондай-ақ, 9 800-ден астам электронды шот-фактура тексеріліп, олардың 886-сында заңбұзушылық қаупі анықталған.

Қазіргі уақытта елдің әр өңірінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері белсенді өтуде. Сонымен қатар, «Береке Fest» жобасы іске қосылып, 80-ге жуық сауда желісі әлеуметтік жауапкершілік танытып, арнайы төмен бағамен сатылатын сөрелер ұйымдастырды. Агрофирмалар тікелей жеткізу тізбегіне қосылып, өнім бағасын төмендетуге атсалысуда.

Министрлік Республика күні мерекесіне орай ірі сауда орталықтарымен және онлайн дүкендермен бірлесіп, кең көлемді жеңілдіктер акциясын өткізуге дайындық жүргізіп жатқанын хабарлады.

Төртінші тоқсанда еліміз бойынша демалыс және мереке күндері 1 700-ге жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Бұл жәрмеңкелерде отандық өндірушілер өз өнімдерін тегін сауда орындарында ұсынатын болады.
12 қазан 2025 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031