Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкогольді онлайн сатуға тыйым салуды ұсынды

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкогольді онлайн сатуға тыйым салуды ұсынды

Фото: istockphoto.com
Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов еліміздегі қылмыстық жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі — алкогольді шамадан тыс пайдалану екенін мәлімдеді. Осыған байланысты министрлік алкоголь өнімдерін онлайн сатуға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер табыс табу мақсатында спирттік ішімдіктерді сату кезінде жас және уақыт шектеулерін елемейді. Мысалы, тәулік бойы жұмыс істейтін кафе мен барлардың атын жамылып сатады.
"Қазір онлайн жеткізу кеңінен қолданылады. Ал лицензиядан айыру шарасы тиімді емес, өйткені келесі күні оны басқа тұлғаға қайта рәсімдеп алуға болады", - деді Ержан Саденов Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
ІІМ осыған байланысты алкоголь өнімдерін тек арнайы дүкендерде — алкомаркеттерде сатуды, лицензия беруге қойылатын талаптарды қатаңдату және олардың санын шектеуді, ойын-сауық орындарында спирттік ішімдік сату уақытын қысқартуды ұсынды.
"Мұндай орындарда мас күйінде 1400-ден астам қылмыс, соның ішінде үш кісі өлтіру фактісі тіркелген. Өкінішке қарай, кейбір мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды қолдап отырған жоқ. Дегенмен, біз ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мүддесін басшылыққа алуымыз керек", – деді министр.
13 қазан 2025 ж. 210 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031