Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балды қантпен алмастыруға бола ма: дәрігер ескерту жасады

Балды қантпен алмастыруға бола ма: дәрігер ескерту жасады

Depositphotos.comФото Depositphotos.com
Табиғи әрі пайдалы өнім саналған бал қантқа балама ретінде жиі қолданылады. Дегенмен оны шектен тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Aif.ru басылымының жазуынша, балдың құрамында В және С дәрумендері, темір, натрий, кальций, фосфор, калий, магний мен мырыш секілді минералдар бар. Сондай-ақ антиоксиданттар мен органикалық қышқылдар ағзаға оң әсер етеді. Алайда балды арықтауға көмектесетін «пайдалы қант алмастырғыш» деу қате.
Гастроэнтеролог-дәрігер Ирина Губанованың айтуынша, бал – калориясы жоғары өнім. Бір ас қасықта шамамен 64 ккал және 17 грамм қант бар.
«Бал – қарапайым көмірсулардың көзі. Көпшілігі балды қанттың орнына қолданғанда, мөлшеріне мән бермей, шектен тыс пайдаланып жатады. Ал бұл артық салмақ қосуға, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруға және қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін», - деп ескертеді дәрігер.
Дегенмен бал қан айналымын жақсартып, қан қысымын тұрақтандыруға, жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі. Суық тигенде тамақты жұмсартып, жөтелді жеңілдетеді. Сонымен қатар асқазан-ішек жолын қорғайды, кей жараны жазып, пайдалы бактериялардың өсуіне ықпал етеді.
Косметологияда да балдың орны ерекше, ол теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады, серпімділігін арттырады.
«Қалай болғанда да, балды аллергиясы бар адамдарға, әсіресе тозаңға сезімтал жандарға, оны тұтынуға болмайды. Сондай-ақ қант диабетіне немесе семіздікке шалдыққандар балды шектеп қолдануы керек», - дейді маман.
Ал балаларға бір жасқа толған соң ғана бал беруге болады. Оны жылы сүтке (1 стақанға 1 қасық), ботқаға немесе сүзбеге қосқан жөн. Бірақ міндетті түрде аллергия жоқтығына көз жеткізген жөн.


12 қазан 2025 ж. 221 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031