Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кейбір қылмыс түрлері үшін жаза айтарлықтай күшейген

Кейбір қылмыс түрлері үшін жаза айтарлықтай күшейген

Мәжіліс Ішкі істер министрлігінің ғимаратында Үкімет сағатын өткізді.
Фото: Pixabay.com
Соңғы жылдары депутаттар уәкілетті органдармен бірлесіп қылмыстық заңнаманы күшейту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі Үкімет сағаты көшпелі форматта өтті.
"Бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбы өте маңызды. Ол "қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне" арналады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау оларға тиісті жағдай жасау, инфрақұрылым мәселесі және барлық мемлекеттік органдардың атсалысуы сияқты көптеген мәселелерді қамтиды. Алайда, бұл саладағы жетекші рөл құқық қорғау органдарына, атап айтқанда, құқықтық тәртіп органдары – Ішкі істер министрлігі мен облыстардағы полиция департаменттеріне жүктелген", – деді Дания Еспаева.
Оның айтуынша, соңғы жылдары депутаттар уәкілетті органдармен бірлесіп қылмыстық заңнаманы күшейту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарды.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, бұзақылық, вандализм үшін жаза айтарлықтай күшейтілді. Қылмыстық заңнама қылмыстың жаңа түрлерімен толықтырылды, олар – дропперлік, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және басқалары. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарында, сол сияқты әлеуметтік желілерде де кісі өлтіру, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі қылмысы, ұрлық, алаяқтық туралы қылмыстық мәліметтерді күн сайын көруге болады. Бұл азаматтарымызда елде қылмыс өршіп, жалпы қылмыстық жағдай нашарлап кеткендей сезім тудыруы мүмкін", – деді депутат.
Дания Еспаева келтірген статистикаға сүйенсек, былтыр 132 778 қылмыстық құқық бұзушылық, осы жылдың 8 айында 88 433 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Оның 80%-ы – қылмыстар, ал 20%-ы – қылмыстық теріс қылықтар.
Мәжіліс төрағасының орынбасарының сөзінше, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ұлттық және халықаралық индикаторлар да соңғы 5 жылда айтарлықтай өзгерген жоқ. Есірткі қылмыстары, бұзақылық, қарақшылық өсіп отыр. Қылмыстық теріс қылықтар (ұсақ ұрлық, есірткі заттарын заңсыз пайдалану) көбірек тіркелуде.


13 қазан 2025 ж. 203 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031