Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытаймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды: ведомство түсініктеме берді

Қытаймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды: ведомство түсініктеме берді

Кептелістің негізгі себебі — рұқсат құжаттарының жетіспеуі
Қытаймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалды: ведомство түсініктеме берді
Фото:
Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» өткізу пунктінде көлік кептелісі пайда болды. Себеп – отандық тасымалдаушыларда ҚХР аумағына өтуге қажетті рұқсат бланкілерінің тапшылығы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Кептелістің негізгі себебі — рұқсат құжаттарының жетіспеуі

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл бланкілер екі елдің уәкілетті органдары арасында алмасу арқылы беріледі. Қазір дәл осы алмасу процесінде үзіліс болғандықтан, шекарада жүк көліктері уақытша тоқтап тұр.
«Қазіргі таңда негізгі себеп – отандық тасымалдаушылардың Қытайға өтуге арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы. Мәселені шешу үшін Комитет пен Көлік министрлігі бірлесіп жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Екі ел қосымша квота туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың көлік ведомстволары рұқсат құжаттарының қосымша квотасын бөлу және оларды жылдам рәсімдеу мәселесін талқылап жатыр.
Сонымен қатар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қытайдың Бас кеден басқармасымен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде:
  • Қытай тарапының қабылдайтын автокөліктер саны уақытша көбейтілді;
  • Кедендік рәсімдерді жеделдету және өткізу қабілетін арттыру шаралары келісілді.

Тасымалдаушылар шығынға батпау үшін қосымша жеңілдіктер енгізілді

Комитет мәліметінше, жүк тасымалдаушылардың шығындарын азайту мақсатында белсенді броньдардың әрекет ету мерзімі 72 сағатқа ұзартылды.
Бұл шара тасымалдаушыларға төленген төлемдерді сақтап, рұқсат бланкілері түскеннен кейін шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік береді.
«Жаңа бланкілер партиясы Қытай Көлік министрлігінен түскен бойда, қазақстандық тасымалдаушылар оларды жүйе арқылы ала алады», — деп хабарлады ведомство.

Комитет жағдай бақылауда екенін мәлімдеді

Мемлекеттік кірістер комитеті ахуал толық бақылауда екенін және рұқсат құжаттарының түсуін күтуді сұрады.
  • Тасымалдаушыларға жаңа бланкілер жеткізілгенге дейін шекараға жол жүрмеу ұсынылды;
  • Қытай тарапы шекаралық өткізу пунктерінде өткізу жылдамдығын арттыру шараларын қолға алды.



12 қазан 2025 ж. 168 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031