Биыл 527 талапкер тестілеуге қатыспақ
Жылдағы дәстүр бойынша мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырар сәті жақындады. Елде орын алған жағдайға байланысты талапкерлерден өтініш онлайн түрде қабылданды. Бұдан өзге қандай өзгерістер болды, жалпы сынақ қалай өтеді? Осы сұрақтар төңірегінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы Әйтеке би кентіндегі филиал басшысы Бейбіткүл Бердіхалықпен сұхбаттасқан болатынбыз.– Бейбіткүл Әбжәлиқызы, Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына биыл қандай өзгерістер енді?
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларынасәйкес маусым-шілде айларындағы сынаққа қатысу үшін талапкерлер өтінішті ҰБТ өткізу пункттеріне тапсырады.
Биылғы жылы құжат қабылдау мерзімі өзгерді. Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе ЖОО-на ақылы негізде оқуға орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінен өтініштер қалауы бойынша 20 сәуір-10 мамыр аралығында қабылданды.
Жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты барлар өтінішті онлайн режимде, туу туралы куәлігі барлар дәстүрлі әдіспен (ҰБТӨП арқылы) берді. Қазалы ауданы бойынша 527 оқушы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр.
– Сынақ кезінде неге тыйым салынады?
– Бұл ретте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Әдеттегідей тестілеу кезінде министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз аудиториядан шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға және ұялы байланыс құралдарын, тағы басқа да электрондық, оқу-әдістемелік құралдарды, шпаргалкаларды, калькуляторды пайдалануға болмайды. Тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, беттерді жыртуға, корректор сұйықтығын қолдануға, жауап парағының бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге тыйым салынады. Қатысушы тестілеуге берілген уақыт аяқталған соң тестілеу материалдарын уақытында кезекшіге тапсыруға міндетті, өйтпеген жағдайда нәтижелер қабылданбайды.
– Талапкерден тыйым салынған заттар табыла қалса, қандай шара қолданылады?
– Егер тестіленушіден тестілеу ғимаратының кіреберісінде тыйым салынған заттар табылған және бөтен тұлғаларды кіргізу фактісі анықталған жағдайда, тиісті акт толтырылып, ҰБТ тапсыруға жіберілмейді. Аудиториядан тыйым салынған затпен анықталған, тестіленушінің орнына бөтен тұлғаның тестілеу тапсыру фактісі тіркелсе, тиісті акт толтырылып аталған тұлғалар тестілеуден шығарылады.
Сәйкесінше тестілеуге тыйым салынған затпен кіруге әрекет жасаған, болмаса аудиторияда анықталған және өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізуге талпынған тестілеушілерге ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы арқылы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларына талдау жүргізіледі. Сондықтан да ҰБТ кезінде оқуға түсушілердің Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін қолданғаны белгілі болса, тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жойылады.
Рұқсаттамаларды таратуға байланысты онлайн режимде (Digital ID жүйесі) өтініш берген түсушілер тестілеу туралы мәліметтерді http://ent2020.testcenter.kz/ сайтындағы жеке кабинетінен алады. Туу туралы куәлікпен дәстүрлі түрде өтініш берген түсушілер ҰБТӨП-тен рұқсаттаманы тарату тізіліміне сәйкес алады.
– Оқушының өзімен бірге қандай заттарды алуына рұқсат етіледі?
– Өзімен бірге міндетті түрдежеке куәлік пен тестілеуге рұқсаттаманы алып кіреді. Қара немесе көк сиялы қаламсап болуы керек.
– Ата-ана мен талапкерлер тестілеу нәтижесін қалай біледі?
– Қорытынды нәтиже сол күні мемлекеттік комиссиямен хабарланады. Тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді. Сондай-ақ нәтижені www.testcenter.kz сайтында көре алады. Ол тестіленушінің ТЖК-сы мен ЖСН-ын енгізу арқылы мүмкін болады. Алдағы уақытта өткізілетін ҰБТ-ның қағаз сертификаты электронды түрге ауыстырылды. Бланкілік сертификат берілмейді.
Нәтижемен келіспеген жағдайда, тестіленуші апелляцияға өтініш бере алады.
– Апелляцияға тестіленуші қандай жағдайда өтініш бере алады?
Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады.
Мазмұны бойынша:
1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
2) дұрыс жауап болмаса;
3) берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
5) тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда.
Техникалық себептер бойынша:
1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;
2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;
3) жауап парағында ақау болғанда.
– Толыққанды ақпарат бергеніңізге рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Әңгімелескен
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА