"Жол апатына жиі ұшырайды". Елде қанша Alphard пен Estima көлігі бар
 pixabay.com
pixabay.com
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, Қазақстанда 12 001 Toyota Alphard (9 554-інің рулі сол жақта, 2 447-сінде оң жақта) және 11 191 Toyota Estima (5 838-інің рулі сол жақта, 5 353-інде оң жақта) көлігі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда заңсыз жолаушылар тасымалының басым бөлігі Toyota Alphard және Toyota Estima маркалы автомобильдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады. Едәуір бөлігі оң жақ рульді немесе сол жақ рульге қолдан ауыстырып жасалған, бұл үлкен қауіп төндіреді, – деді Ішкі істер министрі.
Ержан Сәденовтің айтуынша, 2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан оң жақ рульді көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынғанына қарамастан, олар 2023 жылғы бір реттік заңдастыру шеңберінде тіркелген.
Жолаушылар тасымалы саласын реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолмен, оң жақ рульмен басқарылатын, сондай-ақ бүйір есіктерінің саны төрттен кем автокөлік құралдарын тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады, – деді Ержан Сәденов.
Бұл ретте министрдің түсіндіруінше, жол апаттарына жиі әкелетін себептердің қатарына жүргізушілердің лицензиясының болмауы, рейс алдында көліктің техникалық жағдайын тексермеуі және еңбек пен демалыс режимін сақтамауы жатады.
		












