Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос саланың үздіктері марапат төрінен көрінді

Қос саланың үздіктері марапат төрінен көрінді

Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтілсе, биылғы жылдан бастап автожол саласы және автомобиль көлігі жұмыскерлерінің күні мереке ретінде ресми түрде бекітілді.
Осыған сәйкес, аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік қабылдау өтіп, әлеуметтік қорғау жүйесі мен автожол саласы және автомобиль көлігі қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
Мерекелік қабылдауда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қос саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Әлеуметтік қорғау саласы – жанашырлық пен мейірімге негізделген, үлкен төзімділік пен кәсіби біліктілікті талап ететін жауапты сала. Еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Бүгінде ауданда әлеуметтік қорғау саласында 200-ге жуық қызметкер жемісті еңбек етіп келеді.
2025 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осыған сәйкес, биылдан бастап жол саласының дамуына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының құрметіне қазан айының соңғы жексенбісі Автокөлік және автожол саласы жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі ретінде бекітілді. Автокөлік және автожол саласы - еліміздің экономикасы мен инфрақұрылымының дамуында маңызды рөл атқаратын стратегиялық бағыттардың бірі. Халыққа жолаушылар және жүк тасымалы бойынша сапалы қызмет көрсетіп, жол инфрақұрылымын жақсарту жолындағы қажырлы еңбек етіп жүрген сала мамандарына шынайы алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік шарада қос салада жемісті еңбек етіп жүрген сала үздіктеріне Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің және аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталса, саналы ғұмырында ауданның автожол саласында еңбек еткен ардагер Алтынбек Өтепов пен жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы Сәлімжан Айтжановқа Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Мерекелік басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, әлеуметтік қорғау саланың ардагері Жаппарберген Жалғасбаев және жолаушылар көлігі саласының ардагері Сәлімжан Айтжанов сөз сөйлеп, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне кәсіби мерекелеріне орай мерекелік лебіздерін жеткізді.
Шара соңында аудан өнерпаздары әсем ән шырқап шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
31 қазан 2025 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031