Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Адам құқығының бүтіндігі – басты назарда

Адам құқығының бүтіндігі – басты назарда

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ел азаматтары құқығының қорғалуын қамтамасыз етіп, оның қауіпсіздігі мен бостандығына кепіл беретін басты құжат бар. Ол – Ата Заң. Өресі кең көпшілік конституцияға қазақ халқының дана билері өмірге әкелген "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысының" мұрагері ретінде қарайды. Сол арқылы қоғамда орын алуы мүмкін көптеген келеңсіз мәселелерге тоқтау салынып, бейбіт өмірдің іргетасы қаланды. Қоғамда тұрақтылық орнап, құқық қорғау саласы дамудың даңғыл жолына түсті. Осы орайда қазақстандықтар үшін басты мерекенің бірі саналатын Конституция күнінде аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаевпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– Бақытжан Әбдіжаппарұлы, өткен жылы ауданда орын алған қылмыс деңгейінің ахуалы туралы білсек?
– 2018-2019 жылдары жергілікті жерде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде наразылық акциялары орын алған жоқ. Бұл тұста “Құқық қорғау қызметтері орталығы” мен орталық алаң жанында іске қосылған “Полиция бекетінің” ықпалы болды деп айтуға болады. Прокуратура тарапынан жасалған алдын алу шараларының нәтижесінде 2017 жылы тіркелген қылмыс деңгейі 674-тен 603-ке қысқарып, өткен жылы 15 процентке төмендеді.
Бізге келіп түскен ауыр және аса ауыр санаттағы барлық қылмыстық істерге процесс прокурорлары тағайындалды. Олар тиісті жұмыстарды атқарып, мәселенің анық-қанығын барынша ашып көрсетті.
Қазіргі таңда қылмыстық істерді уақыт оздырмай қарау шараларына ден қойылуда. 2017 жылдан бері 115 қылмыстық іс 3-10 күн аралығында сотқа жолданып, қысқа уақытта қылмысты зерделеуге мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ заңсыз тіркелген 108 қылмыстық іс тоқтатылып, айыпты деп болжанғандардың 60 проценті негізсіз қылмыстық қудалаудан босатылды.
Мемлекет бойынша заңсыз ойын орталықтарының жұмысына тосқауыл қою шаралары жүргізіліп тұратыны белгілі. Құмар ойын залдары аудан аумағында да жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Нәтижесінде заңсыздыққа барған 9 оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сот үкімімен 9 азамат жазаланды.
– Қоғамдық мүддені қорғау бағытында мемлекеттік бюджетке қайтарылған қаржы көлемі қандай?
– Бұл мәселе бойынша 20 430 азаматтың құқығы қорғалды. 200-ге жуық әртүрлі лауазым иелері, оның ішінде 147-сі тәртіптік, 43 тұлға әкімшілік, тағы 6 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардан мемлекетке келтірген залал ретінде 55 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.
Мәселен, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы атқарылмаған жұмысты қабыл­дағаны үшін мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сәйкесінше, мемлекет пайдасына 7 750 652 теңге қайтарылды.
Сонымен қатар мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша аудандық прокуратура қозғаған қылмыстық кешкі мектеп есепшісі сотты болып, мемлекетке келтірілген шығын 2,5 млн теңге өндіріліп алынды.
– Әлеуметтік қайтарымды қаражат байланысты атқарылған жұмыстар қалай үйлестірілуде? Мүмкіндігі шектеулі азаматтар құқығының бұзылу оқиғалары көп кездесе ме?
– Салықтан түсуі тиіс және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіру нәтижесінде 3 млн теңге, ауыл шаруашылығы жер учаскелерін мақсатқа сәйкес пайдаланбаған 20 тұлғадан 6 млн теңге, сонымен қатар жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 7 жер иесінен 1 172 570 теңге қаражат өндірілді. Бұдан бөлек ауруханаларда профилактикалық тексеруден өтпеген 402 бала қайта тексеруден өткізіліп, конститутциялық құқықтары қорғалды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мен әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан қарқынды қолдау көрсетіліп отырғаны белгілі. Осы тұста аудандық прокуратура мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ өткізген 586 мұғалімнің айлық жалақысына қосымша 40 процент, жалпы көлемі 3 809 000 теңге қосымша ақы төленуін назарда ұстады.
Сондай-ақ 6 мүгедек бала тиісті құрал-жабдықтармен қамтылып, ата-анасынан айырылған 6 бала тұрғын үй алу үшін есепке қойылды. Өздігінен қозғалуы қиын І топтағы 125 мүмкіндігі шектеулі азаматтың көмекшілеріне бюджеттен 4 770 000 теңге қосымша қаржы бөлініп, құқықтары қалпына келтірілді. Мүгедек жандардан салық төлемдерін заңсыз өндірген жағдайлар да анықталды. Тиісінше, 250 азаматтан алынған 1 275 000 теңге қаржы иелеріне қайтарылды.
– Кәсіпкерлерге қысым көрсету оқиғалары орын алды ма? Шарасыздық салдарынан қиын жағдайға тап болған айыпталушыларға прокуратура тарапынан ықпалдастық бола ма?
– Осы уақытқа дейін мемлекет кәсіпкерлер құқығының бұзылмауы үшін бірқатар бастамалар көтергенібелгілі. Ел экономикасының дамуына еселі үлесін қоса отырып, басқа азаматтарды жұмыспен қамтып жүрген тұлғалар жұмысына кедергі келтіруді Заң қатаң бақылауға алады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, заңсыз әкімшілікке тартылған 14 жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамақ емес.
Дегенмен Еңбек кодексін естен шығарып, қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлемейтін кәсіпкерлер де кездеседі. Екі жеке балабақша басшылығы 53 адамның айлық ақысын төлемегені анықталды. Осыған орай тиісті іс-шаралар нәтижесінде жауапты мекемелер қол астындағы қызметкерлерге 2 553 986 теңге қарыз жалақысын төлеп құтылды.
Тұрмыста алиментке қарыздылар қатары артып келе жатқаны жасырын емес. Қазалы ауданы бойынша өткен жылы 9 азамат сот үкімімен кінәлі деп танылса, тағы 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ 12 азаматтың жұмысқа орналасуына ықпал еттік. Мұндай шаралардың арқасында алимент өндірудің тиімділігі артатынын байқауға болады.
Сонымен қатар пробация қызметінде сотталып, есепке тұрған 126 тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетілді. Сотталған 14 адам қабілетіне сай жұмыспен қамтылды. Қуантарлығы осы уақытқа дейін сотталғандар есебінде тұрғындардың қайталап қылмыс істеу оқиғалары тіркелген жоқ.
– 2019 жылдың 6 айындағы құқықбұзушылық көрсеткіші қандай?
– Биылғы бірінші жартыжылдықтағы жағдай көңілге қонымды. Қылмыс деңгейі 36 процентке жуық төмендеді. Бұл аудандағы қоғамдық тәртіптің біршама жақсарғанын көрсетеді.
Ал сотта қаралған 28 қылмыстық, міндетті санаттағы 16 азаматтық және 272 әкімшілік істерге өзім арнайы қатыстым. Прокуратураның араласуымен сотталған 14 азамат жұмысқа орналастырылып, тағы бір азаматқа “Бизнес бастау” жобасы арқылы қайтарымсыз несие алуға ықпал жасалды.
– Ашық әңгімеңіз үшін рақмет!

Әңгімелескен
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ


30 тамыз 2019 ж. 1 308 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930