Жаяу патрульдер күшейтілген түрде қызмет атқаруда
Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстардың алдын-алу, тұрғындардың көшеде жүріп тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 10-нан бастап «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла», «Арай», «Универсам», «Титов» мөлтек ауданында, Теміржол вокзалы, Панфилов, Бектұрғанов, Қазантаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Толыбеков, Торайғыров, Сағымбаев көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларына жаяу бағыттар шығарылуда.
Күнделікті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыс орталығының көшелерінде Ұлттық гвардияның солдаттарымен бірлесіп 160 қызметкерден тұратын 58 жаяу бағыттар және 42 патрульдік автомашиналар кезекшілік атқарады.
Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып негізделген. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде жалпы қылмыстылықтың деңгейі - 17,3 пайызға, оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 6,0, көшелерде - 8,6, мас күйінде жасалған -12,2 пайызға азайды.
Жаяу бағыттарды шығару нәтижесінде қазіргі таңда тұрғындардан «102»-ге түсетін хабарламалар саны да азаюда.
Талдау көрсеткендей, шілде айында азаматтардан 25 437 арыз-шағымдар тіркелсе, тамыз айында олардың саны 17 517 құрап, атқарылған жұмыстар нәтижесінде арыз-шағымдардың саны азайды.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен шілде айында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен Уақытша бейімдеу орталығына 364 құқық бұзушы жеткізілсе, жаяу бағыттың шығу көмегімен тамыз айында 680 құқық бұзушы жеткізілді.
Жаяу бағыттардың тікелей қатысуымен 18 қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Мәселен, 2018 жылдың 21 тамызында Арай мөлтек ауданында орналасқан кафенің жанында жаяу патрульдермен Тасбөгет полиция бөлімшесіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188- бабының 1-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін екі азамат ұсталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айының 27-і мен қыркүйек айының 5-і күндері аралығында облыс көлемінде өткен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында 10 күн ішінде түнгі уақытта (түнгі 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін) заңды өкілінсіз жүрген 115 жеткіншек Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Тәртіп сақшылары олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда ОІІД қала тұрғындарын қарапайым сақтық шараларын сақтап, қандай да бір құқық бұзушылық жасалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабар беруін сұрайды.