Әскери университетте қылмыс жиi жасалады
Әскери университетте қылмыс жиi жасалады. 2017 жылы 27 қылмыс, ал 2018 жылы 3 қылмыс тiркелген. Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты, Халықаралық iстер және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Мұхтар Ерман осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Қарулы күштер қызметiнде әскери-патриоттық жұмысқа, жастардың әскери қызметке дайындығына айрықша мән беру керек. Осы орайда республикалық интернационал жауынгерлер және қарулы күштер ардагерлерi ұйымдарымен, жастармен байланысты күшейту керек. Бiр проблемалық мәселеге тоқталғым келедi. Әскери университтегi тәрбие жұмысының деңгейi жақсы деп айта алмаймыз. Бас әскери прокурордың мәлiметi бойынша, 2017 жылы 27 қылмыс тiркелген. Атап айтсақ, уставтан тыс жағдай, парақорлық, тiптi курсант өлтiру бар. 2018 жылы 3 қылмыс тiркелдi. Осы проблемаға ерекше назар аудару қажет және университет басшыларын тiкелей жауапкершiлiкке тарту керек», - дедi Мұхтар Ерман.
Мәжiлiсменнiң айтуынша, қатардағы әскерлердiң саяси тәрбие жұмыстарында қазiргi заманға сай әдiстердi қолданып, көршiлес елдердiң тәжiрибесiн үйрену қажет.
«Мәселен, көпфункционалды ақпараттық жылжымалы кешеннiң тиiмдiлiгi зор. Ол мультмедиялық құралдармен жабдықталған және далалық жерде әскери қызметшiлер арасында мәдени көпшiлiк жұмыстар жүргiзуге мүмкiндiк бередi», - дедi мәжiлiсмен.