Шайтанмен арбасқан жігіт

– Мен шайтанмын. Сенің мұныңа жол бермеймін, – деп шаруамен алыса кетеді.
Шаруа шайтанды алып ұрып, астына салып өлтірмек болады. Сол кезде шайтан:
– Сен мені қоя бер. Мен саған күн сайын бір алтын беріп отырамын. Оның үстіне сен қазір мені бәрібір өлтіре алмайсың, өйткені Аллаһ маған қияметке дейін рұқсат еткен, – дейді.
Шаруа шайтанды қоя береді. Шайтан күн сайын таңертең жастығының астын қара деп кетіп қалады. Шаруа келген ізімен кейін қайтады. Таңертең шынымен де жастығының астынан алтын табады. Әбден қуанған шаруа ертесі күн тағы қарайды. Бірақ бұл жолы алтынды таппайды. Ашудан жарыла жаздап шаруа шайтанға өшігіп әдейілеп ағашты кесіп тастамақ болып тағы тауға бет алады. Осы кезде кешегі жерден шайтан тағы кездеседі. Әбден ашуға булыққан шаруа шайтанмен алыса кетеді. Бірақ бұл жолы шаруаға шайтан әл бермейді.
– Жас баланың күші құрлы күші жоқ шайтанға қалай әлім келмеді деп таңғалып тұрған шығарсың, – дейді шайтан шаруаны кеудесінен баса түсіп, – оның мәнісі мынада. Кеше сен шын ықыласыңмен Аллаһ разылығы үшін ағашты кесуге бара жатыр едің. Ол кезде мен түгіл дүниенің бар шайтаны жабылса да сені ала алмас едік. Ал бүгін сен ағашты Аллаһ разылығы үшін емес, ақшаны бермегенім үшін маған өшіккеніңнен бара жатырсың. Қу құлқыныңның қамы үшін болғандықтан бүгін сен менен жеңіліп қалдың.