Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда тазалық акциясы жалғасуда

Қазалыда тазалық акциясы жалғасуда

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің орталық көшелерінде шөптер шабылып, бөтелкелер және басқада қоқыстарды теру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шаралары барысында мекеме, ұжым қызметкерлерінің басым бөлігі мәдени-демалыс кешеніндегі ретсіз өскен шөптерді шабу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ барлық елді мекендер бойынша аяқ су арықтары да тазартылды.

Аудан орталығында өткен сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап, әрбір аумақтың тазалығына қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Жалпы тазалық шараларына мекеме қызметкерлерінен бөлек тұрғындар мен ерікті жастар, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатыстып, тазалыққа атсалысты.

Бүгінгі аудан бойынша тазалық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 136 мекемеден 1780 адам қатысып, 11 техника жұмылдырылды. Жалпы көшелер мен саябақтардан және басқа да орындардан 10,5 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы орынға шығарылды.
13 маусым 2026 ж. 488 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31