Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамыр айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы жағдай тұрақтала бастады

Мамыр айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы жағдай тұрақтала бастады

Тұрғын үй нарық (1)
Фото: magnific.com

2026 жылдың мамыр айында Қазақстанның тұрғын үй нарығы біртіндеп тұрақтана бастады. Жаңа салынған үйлердің бағасы былтырмен салыстырғанда өскен, бірақ ай сайынғы өсім баяулаған. Бұл тұрғындардың баспанаға деген сұранысы бұрынғыдай жоғары емес екенін көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы мамыр айында аздап төмендеді. Жылдық өсім болса жалпы инфляция деңгейіне жақын болды. Сарапшылар мұны жаңа үйлерді салу шығындарының қымбаттауымен, салық және заңнамадағы өзгерістермен, сондай-ақ ипотека мен несиенің қымбат болуына байланысты сатып алушылардың сақтық танытуымен байланыстырады. Нәтижесінде тұрғын үй нарығындағы белсенділік төмендеген.
Сарапшылардың пікірінше, осы жылдың екінші жартысында тұрғын үй бағасының өсуі өткен жылмен салыстырғанда бәсеңдейді.
Жаңа тұрғын үйлер бағасына құрылыс шығындарының қымбаттауы, салықтағы өзгерістер және құрылыс компанияларына қойылатын талаптардың күшеюі әсер етеді. Бұған қоса, 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді.
Сонымен бірге тұрғын үйге сұраныс бірнеше себепке байланысты шектелмек:
  • Ипотека мен несиенің қымбаттауы;
  • Зейнетақы жинағын пайдалану талаптарының қатаңдауы;
  • Қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау талаптарының күшеюі.
“Жаңа тұрғын үйлер бағасының өсуі жылдың екінші жартысында жалпы инфляция деңгейіне жуық болады. Дегенмен, сұраныс тұрақты жоғары қалаларда баға уақытша одан да жоғары қарқынмен өсуі мүмкін”, – деп болжады сарапшылар.
2026 жылдың мамыр айында тұрғын үй нарығында әртүрлі үрдістер байқалды. Жаңа тұрғын үйлерде бір шаршы метрдің бағасы сәуірмен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.
Бағаның ең көп өсуі мына қалаларда тіркелді:
  • Қостанай – 1,5%;
  • Павлодар – 1,4%;
  • Қызылорда – 1,2%;
  • Жезқазған – 1,0%;
  • Көкшетау – 0,9%;
  • Ақтау – 0,9%;
  • Орал – 0,5%;
  • Астана – 0,3%.
Қалған қалаларда баға өзгермеді. 
2026 жылдың мамыр айында жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 14,5%-ға өсті. Бағаның ең жоғары өсімі Астанада (18,2%), Ақтөбеде (19,5%) және Алматыда (15,8%) тіркелді. Ал Петропавлда баға былтырғы деңгейде қалды.
 Қайталама тұрғын үй нарығында (бұрын пайдаланылған пәтерлер мен үйлер) мамыр айында баға орта есеппен 0,6%-ға төмендеді. Дегенмен кейбір қалаларда өсім байқалды:
  • Тараз — 0,1%;
  • Қызылорда — 0,5%;
  • Орал — 0,7%;
  • Өскемен — 0,7%;
  • Көкшетау — 0,9%;
  • Талдықорған — 2,0%.
Қалған қалаларда баға 0,3%-дан 2,2%-ға дейін арзандаған.
Қайталама тұрғын үй бағасы бір жылда 10,8%-ға өсіп, инфляция деңгейіне (10,4%) жақын болды. Ең жоғары өсім Алматыда (12,8%), Астанада (12,2%) және Талдықорғанда (14,4%) байқалды. Ең төмен өсім Жезқазғанда тіркелді — 1,3%.
Жыл басынан бері:
  • Жаңа тұрғын үй бағасы 4,6%-ға;
  • қайталама тұрғын үй бағасы 0,9%-ға өскен.
Қазақстан бойынша 30 420 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бұл сәуірмен салыстырғанда 13,5%-ға, ал өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 10,5%-ға аз.
Ең көп мәміле:
  • Астанада — 5 122;
  • Алматыда — 4 925;
  • Қарағанды облысында — 2 630.
Ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелді — 261.
Сәуірмен салыстырғанда мәмілелер саны тек екі өңірде өсті:
  • Түркістан облысында — 7,6%;
  • Атырау облысында — 0,6%.
Ал Қызылорда облысын, Алматы және Ұлытау облысы мәмілелер ең аз жасалған өңірлер қатарында.
2026 жылдың алғашқы бес айында тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға төмен болды. Бұл тұрғын үйге деген сұраныстың өткен жылға қарағанда бәсеңдегенін көрсетеді.
13 маусым 2026 ж. 51 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 82

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 82

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 72

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930