Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды

Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
pixabay.com
Фото:pixabay.com
Ресейдің Забайкалье өлкесіндегі Арахлей көлінің жағасында орналасқан «Чемпион» балалар сауықтыру лагерінің аумағында өрт шықты. Қауіпсіздік мақсатында ғимараттан 70-тен астам адам эвакуацияланды.
Өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігі басқармасының мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін лагерьден 71 адам өздігінен шыққан. Олардың ішінде 63 бала мен сегіз ересек адам бар. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өрт 200 шаршы метр аумақта жедел түрде оқшауланды. Ашық жалын сөндіру жұмыстары басталғаннан кейін 15 минут өткен соң толықтай өшірілді.
Өртті сөндіруге Ресей ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, 34 адам және 11 техника жұмылдырылды.

13 маусым 2026 ж. 345 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 58

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31