«Өлкетану»: Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты аясында Ақмола облысының оқушылары Сыр өңіріне келіп, жалпыұлттық және облыстық тізімге енген киелі жерлер мен облыстың көрікті жерлерімен танысқаныны туралы жазғанбыз.
Ақмолалық балалар Қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қаласында болды. Ескі қала Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылының батысында 1,5 шақырым жерде орналасқан. Сығанақ қалашығы туралы аңыз көп.
Сығанақ қаласы – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалашық. Кезінде қыпшақтардың астанасы болған. Сығанақтың тарихы өзге құм жұтқан қалалардың тарихынан ерекше. Заманында қала ислам дінінің Арал жағалауында таралуына айрықша мәні бар бірінші бекініс болған еді. Сығанақ XIV ғасырда Қазақ хандығының астанасы болды.
Сарыарқадан келген экспедиция мүшелеріне құм жұтқан қала туралы Қызылорда облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Елеуов тартымды әңгіме айтып берді.
Оқушылар мұнан соң Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов атындағы музейі мен Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап, тамашалады.
Кешкілік облыс орталығына оралған соң Қызылорда қаласындағы Мұз айдыны кешенінде мәнерлеп сырғанудан жас қызылордалықтардың өнерін көріп, тамсана қол соқты. Өздері де коньки тепуіп, мәдени тынықты.
Еске сала кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты аясында Ақмола облысының оқушыларының Сыр өңіріне сапарын Қызылорда облысы білім басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің мамандары ұйымдастырды.
Экскурсияға Ақмола облысының әр ауданынан аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, мектеп олимпиадаларында, біріншіліктерде және жарыстарда жеңімпаз болған оқушылар келді.
Кішкентай қонақтар шараның алғашқы күні облыс орталығы – Қызылорда қаласының көрікті жерлерін тамашалады. Алдымен Қызылорда облыстық өлкетану музейі мен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды. Бұған қоса, ұлттық ойын түрлерінен командалық сайыстар мен интелектуалды байқаулар ұйымдастырылды.
Екінші күні Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне сапарлады. Айта кетейік, «Қорқыт ата» мемориалдық кешені – Қазақстанның киелі жерлері картасына Қызылорда облысынан енген 12 нысанның бірі.
Мұнан соң балғындар Байқоңыр қаласындағы көрікті жерлермен және жұлдызды қалашықтағы ғарыш саласы музейін тамашалады.
Қызылорда облыстық білім басқармасының мамандары Сарыарқа төсінен сыр еліне сапарлап келген қонақтарды құрметпен шығарып салды.