Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайдың алдын алу – ортақ міндет

Төтенше жағдайдың алдын алу – ортақ міндет

Жақында Қазалы ауданында жылыту маусымы қарсаңында халықтың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған ауқымды іс-шара – пресс-тур ұйымдастырылды. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен өткен шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және кіші буын өкілдері қатысты.
Пресс-турдың алғашқы маңызды бөлігі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің оқушыларына арналды. Бөлімше командирі Қ.Байділда оларға төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күнделікті жұмыс тәртібімен және ең маңызды құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырды. Жас өскіндерге құтқару техникаларының мүмкіндіктері, апат кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ, өрт сөндіру және құтқару операцияларында қолданылатын арнайы киімдер мен техникалық құралдар туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Аталмыш танымдық сабақ оқушылардың төтенше жағдай қауіпсіздігіне деген қызығушылығын арттырып, қажетті жағдайда сауатты әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жылу маусымы кезінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу болды. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдерімен бөлім бастығы А.Қалиев арнайы кездесу өткізді. Кездесуде бөлім бастығы алдағы жылыту кезеңіне дайындық барысы, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін арттыру жоспарлары туралы баяндама жасады.
«Жылу маусымы – әрдайым ерекше бақылауды талап ететін кезең. Өкінішке орай осы уақытта тұрмыстық өрттер мен газдан улану оқиғалары жиі тіркеледі. Біздің басты міндетіміз – осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу. Бұл жұмысқа тек құтқарушылар ғана емес, ауданның әрбір тұрғыны жауапкершілікпен қарауы қажет» деп атап өтті А.Қалиев.
Бөлім бастығының айтуынша, қазіргі таңда қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында аудан тұрғындарының үйлерін аралау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу және газ құралдарын тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
БАҚ өкілдері, соның ішінде «Қазақ газ» аймақтық бөлімшесінің қызметкері, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан тұрғындарының үйлеріне арнайы рейд жасады. Маңызды шараның ерекшелігі – тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчиктерді (газ анализаторларды) орнату және оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіру болды.
Тұрғындарға газдан уланудың алғашқы белгілері, қауіпсіздік ережелері және мұндай датчиктердің өмірді сақтап қалудағы маңыздылығы туралы нақты әрі қолжетімді ақпарат берілді. Аталған түсіндірме жұмыстары халықтың қауіпсіздік шараларына деген жауапкершілігін арттыруға және ықтимал қауіптің алдын алуға бағытталған.
Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде өткен пресс-тур құтқару қызметінің ашықтығын көрсетіп, БАҚ арқылы маңызды ақпаратты халыққа жедел жеткізуге мүмкіндік берді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу – бір сәттік науқан емес, тұрақты жұмыс. Осы орайда Төтенше жағдайлар бөлімі мен БАҚ-тың бірлескен әрекеті жылу маусымы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзінің тиімділігін көрсететіні сөзсіз.
Осылайша Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі аудан тұрғындарынан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ асу талап етілетіндігін жеткізді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
Суретті түсірген автор
14 қазан 2025 ж. 131 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031