Балалардың сүйікті жазушысы

Мақсатымыз оқырмандарға ақынның өмірін, еңбек жолымен шығармашылығынан мәліметтер беру, шығармаларының жазылу тарихымен таныстыру, өлеңдерін жатқа айтқыза отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілерін меңгерту. Шара барысында М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 2 «Б» сынып оқушылары ақынның «Әбу-Насыр әл-Фараби», «Мұхаммед Хайдар Дулати», «Әлихан Бөкейхан», «Ахмет Байтұрсынұлы» сынды қазақтың тау тұлғаларына арнауын, «Есіл өзені», «Ақмешіт», «Сырдария» сынды жер-су атауларына арнаған өлеңдері, еңбекке, спортқа баулуға арналған «Шынықсаң шымыр боласың», «Құмырсқалар», «Әзір ас жоқ дүниеде» және «Ұмытшақ» атты диалогымен «Ана тілі» атты өлеңімен тәлім-тәрбиеге толы өлең-жырлары мен нақыл сөздерін оқыды.
Кітапханашы Қазна Садирова ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің орыс сыныбының оқушыларына терең мәлімет беріп, белсенділіктерін нығайту мақсатында нақыл сөздер, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдерінің тәрбиелілік мәнін ұқтырып, шығармашылығын жан-жақты талдады.
Сыныптың биші қыздарының орындауында «Шөжелерім» атты биі шараның көркін аша түссе, кітапханашы Эльмира Шамет ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Кеш қонағы сыныптың жетекшісі Нұргүл Сүлейменова ақынның еңбектеріне тоқталып шараны ұйымдастыруышларға ризашылығын білдірді.
Кешті кітапхана меңгерушісі Толқын Мырзалиева қортындылап, жас оқырмандарды алдағы уақытта кітапханамен терең байланыс жасауға, кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар белсене қатысқан оқырмандарға «Алғы»с хат пен сыныпқа сыйлық тарту етті.
Э.ШАМЕТ,
кітапханашы