Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дана сөздің дарасы

Дана сөздің дарасы

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Қазалы аудандық орталық кітапханасы және Мәдениет және спорт бөлімінің бірлесуімен 10 тамыз - Абай күніне орай «Абай дана-Абай дара қазақта» атты әдеби-әуезді кеш өткізілді. Халқымыздың руханиятын әлемге танытқан теңдесі жоқ құндылық Абай шығармаларын насихаттау мақсатында өткен кеште аудандық және ауылдық кітапхананың өнерлі жас оқырмандары ұлы классиктің өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін шырқады, қарасөздерін жатқа айтты.
Кеш шымылдығын Майдакөл ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, жас ақын, «Қазақстан Жастарының «Алтын кітабы» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы, Республикалық «Ақберен» байқауының І және ІІІ орын иегері Бекзат Әбдіханның ақын рухына арнаған жыр арнауымен ашылды. Аталмыш шарада сөз сөйлеген Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы:
– Қазақстан елін әлемдік өркениет көшіне жол тартқызған дара ақын шығармашылығында ұлттың бар болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, көзқарасы мен дүниетанымы, діні мен ділі, өткір тілі мен қайсар рухы – бәрі де айқын көрініс тапқан. Кемеңгер ақынның мол мұрасы – талай ғасыр өтсе де маңызын жоймайтын адамзаттың рухани қазынасы. Басты мақсат – Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен таныту, ақынның шығармаларын насихаттау жолдары мен тәсілдері жылдан жылға түрленіп, кемелденуі керек, – деген тілегін білдірді.
Майдакөл ауылдық кітапханасының оқырманы №98 мектептің 9-сынып оқушысы Төлепберген Жұлдызай, Ақтан батыр ауылдық кітапханасының оқырманы № 190 мектептің 4-сынып оқушысы Абай Ғанибекұлы, Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасының №103 мектептің 9 сынып оқушысы Хайрулла Ақжан, Сарбұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Жеңісбек Аяжан, Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 7-сынып оқушысы Аяна Дәуітбай ақынның сырлы да, жырлы өлеңдерін жатқа айтса, қарасөздерін мәнеріне келтіре оқып, Абай рухына үлкен құрмет көрсетті. Мұстафа Матаев атындағы № 170 мектеп оқушысы Нұрлан Мейірхат ақынның сөзіне жазылған «Бойы бұлғаң» әнімен тыңдармандарды сүйсіндірді.
Мерекелік жиын барысында аудандық Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы әдеби-әуезді кешке белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Кеш соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы әсем әуенмен қорытындыланды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
12 тамыз 2023 ж. 323 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 81

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 119

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031