Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Салтқа сенесіз бе?

Салтқа сенесіз бе?

Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, түрлі ақпараттың ағынына ілесесіз. Сондай хабарлардың ішінде халық арасында ұмыт болып бара жатқан бір үрдісті қолданған келіншектің әңгімесі елең еткізді. Қазақ халқы ықылымнан тылсым әлемнің құпияларын бала кезден саналарына сіңіріп, сақтану, оны дұрыс бағытта қолдану жолдарын білген. Кейін жетпіс жыл отарлау саясатының сананы улауымен халық салт-дәстүр, дін мен ділден мүлдем айрылып қала жаздады. Көбінен қол үзсек те, бірқатары атадан балаға, баладан немереге өсиет болып өткеннің арқасында кейбір ұмытылған жоралғылар қайта жаңғыруда. Сондай дәстүрдің бірін бейтаныс әйел өз басынан өткеріп, қандай нәтижеге жеткенін баяндапты. Соны өзге жаны жабырқау жандарға септігі тиер деген пайыммен жариялауды жөн көрдік.
"Мен бір басымнан өткен жағдайды сіздермен бөліскім келеді. 21 жасымда тұрмыска шықтым. 5 жыл перзент сүйе алмай катты қиналдым. Жолдасым екеуміз бармаған жер, баспаған тауымыз калмады. Емнің түр-түрін кабылдадык. "Мүлде балалы бола алмайсыңдар" деп ешкім айтпайды, толық диагноз ешкім коя алмады.
Солай қиналып, жылап жүргенімізде, менің нағашы атам қатты ауырып қайтыс болды. Біз де бардық. Адам көп, абыр-сабыр арасында анам "Сені молда күтіп отыр" деп сыбырлады. Сол сәтте біз отырған бөлмеге молдекең басын сұғып: "Қызыңыз келді ма?"- деді, анама карап. Анам көзімен мені көрсетті.
"Дайындалсын" деді де, шығып кетті. Сөйтсем, жүкті бола алмай жүрген келіншектерді, қайтыс болған жақындарының астынан өткізетін ырым бар екен. Мені атамның астынан өткізбекші болды. Содан бәріміз қатарда тұрдық, атамды ағаларым соңғы сапарға алып шықты. Ер кісілер жаназа намазына тұрды. Осы уақытта молдекең мені шақырып, табыттың астынан үш рет ары-бері өткізді. Соңғы өткенімде "артыңа қарамастан кет!" деп ескертті. Солай жасадым. Ағаларым табытты көтеріп тұрды. Соңғы өткенімде айналам, маңдайым жап-жарық болып кетті. Бұлтты күні кенеттен күн шыққандай сезім болды. Бұл жағдайдан соң, мен онша елеместен жүре бердім.
Екі айдан соң жүкті екенімді біліп, қуанышымызда шек болмады. Жүктілігім жеңіл өтті. Бір қызығы, жүкті кезімде атамды түсімде жиі көретін болдым, маған еш зияны жоқ. Тек қасымда жүреді немесе бір нәрселер түсіндіріп, біреулермен таныстырып жүреді. Менде еш қорқыныш болмады. Атамның басына ризалығымызды білдіріп, көк тасын біз қойдық. Ағаларым көк тасын қойған күні 8 айлық, жетілген қызымды босандым. Толғағым 45 минутқа ғана созылды. Тек қызымның салмағы 2,500 келі болды. Бұл енді медициналық тұрғыдан сәл аз болып саналады. Қызымды 40 күннен асырып қырқынан шығардық, сол күні түсіме атам кірді. Біз жатқан бөлменің терезесінен қарап маған "жақсы, мен кеттім" деп қолын бұлғап, жымиып күлді де кетіп қалды. Мен шыр-пырым шығып, сізді сағындым деп есікті ашуға ұмтылып жатып оянып кеттім. Содан соң атам түсіме кірмей кетті. Қызымның артынан ұлды болдым, Аллаға мың да бір шүкірлік етуден жалықпаймын. Қазір ойлап отырып, осы бір тылсым дүниені әлі түсіне алмаймын. Бәрі де бір Аллаға аян. Мүмкін мен сияқты қиналып жүргендерге көмегі тиер".
Міне, осындай денені дір еткізер хикаялар ел арасында көптеп кездеседі. Бірі айтылса, бірі ұмытылып барады. Кім біліпті, бәлкім тығырықтан шығар жол таппай жүргендерге қараңғы түнекте жарықтай болар деген ниеттеміз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

30 қараша 2022 ж. 550 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031