Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қолға су құю – құндылық

Қолға су құю – құндылық

Байқасаңыз, бүгінге дейін газетіміздің әрбір санында рухани жаңғыру негізінде қазақтың ұмыт болып бара жатқан түрлі салт-дәстүрін жария етіп келеміз. Өткеннің тағылымынан сыр шертіп, тарих беттерін қазбалап ата-бабадан қалған үрдісті қайта жаңғырту үшін қалың оқырманның назарына ұсынуды жалғастыра бермекпіз.

Тереңнен тарқататын болсақ қазақ халқында үйге қонақ келсе жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қолға су құйғызатын әдет бар екенін жақсы білеміз. Мұны қазірде қаны қазақ деп соғатын кез келген шаңырақ иесі бұзбай дәріптеп келеді. Тіпті қай уақытта болсын үйге бас сұққан Құдайы қонақтың қолына су құюды әрбір отбасының кенжесі жақсы білсе керек. Мұның өзі сондағы тәртіпті, дәстүрдің ұмыт еместігінің дәлелі.
Негізі аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі. Ілгеріде Дәуіт пайғамбар 30 ұлынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырғанда Алла Тағала оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды екен. Алайда Жәбрейіл періште Дәуіт пайғамбарға келіп «Әй, Дәуіт, Жаппар Хақ саған бір ұл нәсіп етеді. Бірақ бір шарты бар. Ол баланың қызығын тек 9 жыл ғана көресің. Сен осыған ризасың ба?» десе керек. Дәуіт пайғамбар іштей қынжылғанымен «Жаппар иемнің әміріне не қылса да ризамын» деп жауап қайтарыпты.
Осылайша көп ұзамай дүниеге ұл бала келіп, есімін Сүлеймен қояды. Дәуіт патша болғандықтан оның сарайына күн сайын жүздеген адам қонаққа келетін көрінеді. Сол кезде 7 жасар Сүлейменді бір қолына құман, екінші қолына сүлгі ұстатып, сарайдың алдына қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтың қолына су құйып, көпшіліктің алғысын алады. Оның мұндай ісіне риза болғандар «Ғұмыр жасың ұзақ болсын! Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін! Әділ патша бол! Екі дүниенің сырын біл, дұшпаныңа қатал, досыңа адал бол! Ғалым бол!» деп тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып, бата береді екен.
Арада 15 жыл өтеді. Сүлейменнің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы мен бойы өсіп үлкен азамат болып ержетеді. Бір күні Дәуіт пайғамбар құдайдан «Уа, Тәңірім, маған ұлыңның қызығын 9 жыл ғана көресің деп едің. Бұл не хикмет?» деп сұрайды. Сонда Жаратушы «Рас айтасың, Сүлейменнің пешенесіне 9 жыл жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын жұрт оған менің 99 есімімді айтып, шын жүректен алғыс жаудырып, батасын берді. Көптің алғысымен көрер жасы ұзарды. Менің бір есімім халық. Елдің тілегін қабыл етпеу ұлықтығыма сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза берем. Жер бетіндегі бүкіл тау, тас, аң, құс, 18 мың ғаламға патша қыламын» деді. Міне, осыдан бастап Сүлейменге дарымаған керемет қалмаған деседі.
Осыған сәйкес «Сүлейменде су құйған» «Су иесі Сүлеймен» деген сөздер ел арасында кеңінен таралған. Жоғарыда сөз еткендей қазақ үйіне қонақ келгенде жас баланың қолына құман мен сүлгі беріп «үлкен кісілердің батасын ал» деп су құйғызады. Оның үстіне ел ішінде «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген тәмсіл Сүлейменнен қалған десек артық болмас.
Уақыт бөліп, қазақтың барлық салт-дәстүріне көз жүгіртіп шықсаңыз бүгінде дейін сіз естімеген көптеген түрлері бар. Өзіндік ерекшелігі, маңыздылығы, мәдениеттілігі мен тәрбиелігі зор дәстүрлер бұзылмай бүгінге жеткенінің өзі көңілге қуаныш ұялатпай қоймайды.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
04 тамыз 2020 ж. 3 654 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930