Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Салт-дәстүр – ұлттың тамыры

Салт-дәстүр – ұлттың тамыры

Салт-дәстүр – ата-бабадан мұра болып қалған, ұрпақты тәрбиелеуші құрал. Ол әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, күнделікті өмірде қолдану артық етпес. Сондай өнегелі салт-дәстүрдің бірқатарына тоқталып кеткенді жөн көрдік.

Аққұла
Бұл ертеде егін егетін елдің бұлжымас дәстүрі болған екен. Қазір мүлде ұмытылған. Бұрын әр егінші өзіне қажетті дәнін сеуіп болғаннан кейін әдейі қалдырылған жерге тағы да бөлек дән себетін болған. Ол «Аққұла» деп аталатын болған. Бұл қазақшаға аударғанда «Құдай несібесі» немесе «Құдай сыбағасы» деген сөз екен. «Аққұла» өсіп, жиналғаннан кейін жетім-жесірлерге, қайыршыларға және дін жолындағы адамдарға үлестірілген. Бұл елдік дәстүрден қазақ халқының әр шаруашылық иелері тек өзінің ғана емес, жағдайы төмен кедей-кепшіктер де ұмытпағанын, зор адамгершілік міндеттер атқарғанын көруге болады.

Балдыз қалың
Балдыз қалың салты бойынша қалыңдығы қайтыс болса болашақ күйеу төлеген қалың малын қайтарып алмай, сол отбасының екінші қызын алуға құқы бар.
Егер ол үйдің басқа қызы болмаса, төлеген малдың жартысы қайтарылады және күйеу ұрын барып, балдызын алатын болып, келіссе, үстіне «балдыз қалың» төлейтін болған. бұрынғы қалың малдың үстіне түйе бастатқан бір тоғыз қосылады. Егер ұрын келмеген болса, «балдыз қалың» төленбейді.

Көгентүп, жиенқұйрық
Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын. Ондағы мақсат құдалар арасында жиен немеренің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.
Ал жиенқұйрық сол отбасына жиен болып келетін балаға жасалады. Яғни, нағашы жұртына келген жиен-баланы құда күткендей сыйлап, оның үш қалауын еш қарсылықсыз орындаған. Кейбір өңірлерде «қырық серкеш»» деп атаған.

Деңгене
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабында көрсетілген «деңгене» дәстүрі.
Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып «Деңгене! Деңгене жеуге келдік» деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА

17 қыркүйек 2022 ж. 1 063 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930