Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Түнгі жаналғыш"

"Түнгі жаналғыш"

Екінші дүниежүзілік соғыста әлем әскери тарихында тұңғыш рет тек қана әйел ұшқыштардан құралған авиациялық полк болды.
Жүрек жұтқан қайсар қыздардың өлермен шабуылдарынан секем алған неміс пәшестер бұл полкты – "Түнгі жаналғыштар" деп атады.
Полктың толық атауы – Үшінші дәрежелі Суворов орденінің Қызылжалаулы Таман 46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиациялық полкі.
Қазақтың қайсар да батыр қызы Хиуаз Доспанова пәшестердің зәре-құты қалмай қорқатын сол "түнгі жаналғыштардың" бірі еді.
«Ол қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш ұшқыш бомбардир қазақ қызы ретінде Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында, Ұлы жеңіс тарихында қалды» деп жазады ресейлік әскери жылнама.
Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен асқан ерлігі үшін ол – І және ІІ дәрежелі Қызыл жұлдыз орденімен, Қызыл Ту орденімен, "Кавказды қорғағаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да марапаттарға ие болған.
Ол екі мәрте ауыр жараланса да, үнемі майдан даласына оралып отырған. Сөйтіп, Жеңісті пәшестердің ордасы болған Германия төрінде қарсы алды.
2004 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспановаға – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, Алтын жұлдыз ерекшелік белгісі мен "Отан" ордені табысталған (туыстарына тапсырылған)...
Киіз кітап
Пысы:
Фотода: Хиуаз Доспанова
14 қазан 2021 ж. 504 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930