Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлемді тәнті еткен терең таным

Әлемді тәнті еткен терең таным

Әлем генетиктерін тәнті еткен таным туралы зерттеу-зерделеу жұмысында бірде-бір теріс көзқарас орын алмаған. Тектілікпен түзілген дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан таратылуының нақтылы жүйесінің сыры неде? Бүгінде сол жеті есімнен тұратын тізбекті ескеріп, бойлай білмейміз. Мәселеге маңыз бермей, өткенді көмескілегенде ұтқанымыз не, ұтыларымыз қайсы?
Көне көшпенділік кезінде қалыптасқан «жеті ата» жүйесі әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен талаптарды мүлтіксіз орындауға негізделген. Қоғам тұтастығын қалыптастыруда құндылығын танытатын ата-текті білу, оны қадағалаудың үлкен маңызы бар. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттіліктен туындады. Бұл туралы ғалым Болат Болсанбек былай дейді: ««Жеті ата» жүйесі еңбек ресурсын қалыптастыруда қыз алысып, қыз беріспейтін ұрпақ буынынан түзіледі. Капитал ресурсын қалыптастыруда, оның әлеуметтік қатынасы, ұлдың жеті ата туысқандығының сегізінші буынынан бастап жекжат, жүрежат, жұрағатқа одан соң ру, тайпа, жүз, халыққа ауысатынын ұғыну абзал», – дейді.
Қазақ дәстүрінде бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы сынды жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Оны міндетті санап, сол арқылы халық дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналса, баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Әдетте жеті ата туралы сөз болса, бір рудағы аталас ағайындардың бір-бірінен қыз алыспайтын дәстүрі ойға оралады. Бұл «жеті атаның» басты ерекшелігі. Бұл туралы тарихи деректерде: «Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары ортақ пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған», – дейді.
Кеңес дәуірінде осы бір жүйені теріс түсінікте ұғындырып, ел дамуына қарсы әрекетке балаған. Дәстүрлі салт-санадағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Осылайша жеті атаға бөлінудің емес, керісінше, тұтас ұлттың бірлігіне бастамашы болған. Аталмыш ұстаным күнделікті моральдық санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылып, елден аластатылған. Біздің байырғы қоғам үшін мұндай көрініс азаптың ауыры, масқараның үлкені саналған. Қазақтың төл заңының бірі «Жеті Жарғыда» жеті атадан аспаған адамдардың бір-бірімен «байланысуына» өлім жазасын үкім еткен.
Шығыс ғұламасы Жүсіп Баласағұн: «Әйел алсаң – төрт рудан алысты ал, Ол болмаса – ей, азамат, қалыс қал», – дейді.
Бұл орайда генетик маман Шолпан Әбілқызының да пікірін тыңдауды жөн санадық.
«Жеті аталық ұстанымды ұлтымыздың ең ғажап, керемет, ешнәрсе алмастыра алмас баға жетпес байлығы деуге болады. Қазір өзім жұмыс істейтін орынның қызметіне Қазақстанның түкір-түкірінен келген жандар жүгінеді. Олардың көбінің айықпас ауруға ұшырауына жеті атаға дейін қан алмаспағандық себепкер болып отыр. Бір атадан тарағандар ғана емес, оңтүстік өңірде бөлелердің тұрмыстануы жағдайы жиі кездеседі. Бір мысал, нағашы әжесінің інісіне үйленген бір келіншектің өзі де, жолдасының да дендері сау. Балаларының үшеуі де генетикалық созылмалы аурумен туылған. Ұлт азды. Оған әрбіріміз алаңдауымыз керек» , – дейді ашына. Дәрігердің сөзіне осыдан бес ғасыр бұрын жазылған Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баянында» жазылған жолдарды жалғайық.
«Жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне бермек, емшек сүті араласпаса болды дейтіндерге: қандық аңғақтық уылымдық бейім көп болмақ. Аллалық шала жаралымдық, туылымдық, жаралыстық, бітіс, милаулық туылғылар көз көргілігі бұтан дәлелімдік саналығы таппақ. Бұлардан қандық аңғақтық уылмалық туылымдық таптыда балалары тақтамады. Бес – алты жылдан кейін қос жұбай бірінің жетесінде бір кеппелі жер томпаймаға айналмағы парыз болған. Сол қыршындардың ата-анасы оңаша үйде өз арсыздықтарын айтып отырғанында ет құлағыма естілігі қанықтығы жанымды түршіктірмегі шарт болды. Бұл – имансыздық біздің ұрпақтардың басына келмесін балам. Азаматпын деп сәуірікшілеп жүрме деген: ата дәстүріне құлақ аспағандықтарын атап айтып кеткен. Ия бұл тегі үйленетін жастардан жете жөн сұрау оның ата-тегін аты-жөнін іліс шалыс құдандалығына шейін анықтап жан-жақты білуімізге мирас етіп жөн сілтеп аманат етіп тұрған жоқ па!
Бұл бұлжымас ата тектің ұлт тәрбилеу хаһында, елінің берік қуатты болуына ұлы бабалардың биік тәрбие рухына, барлық қоғамда, бұрынғы хандық қауымда баса назар аударып, және оның нақ орындалуына қатаң талап етіп отырған «Керей мен Жәнібек хан ірге тасын қалаған қазақ хандығының тұсында ерекше көңіл аударған мәселе, ол ұлт тазалығы. Саналы ұрпақ салауатты ұлт тәрбиелеуге айтарлықтай мән берілді. Жеті атаға шейін қыз алыспау дәстүрі қатаң қалыптасты», – делінген.
Тамыры терең, үлкен ұлттық ұлағатты шежірелік тәртіп туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Қиындықта бір-біріне қамқоршы болып, жүкті бірге көтеріскен. Тығыз қарым-қатынаста болғандықтан бір атадан тараған туыстар мен жақындар бірін танып өскен. Бұл өз кезегінде жат әдеттерден бойды аулақ ұстауға, ел арасында қылмыстылық болмауға септескен.
2010 жылы неміс ғалымы Адольф Регманн жеті ата жүйесін зерттеп, оның тиімділігі туралы әлемдік басылымдарға мақала жариялаған. Жеті ерден құралған шежірелі тізбек қазақ баласының бәріне таныс. Алайда аталық қай кезеңнен ­басталып, қазір қай буынға жетіп тұрғаны өз алдына әңгімеге арқау болатын тақырып. Біздің айтпағымыз, ұрпақты аздырмаудың ұтымды жолы, этникалық тұтастықтың қуатты қазығы болған бабадан жеткен ұстанымға терең бойлау ұлт келешегін кемелдетер бірден-бір жол. Бабалардан «Түбін білмеген түгін белмейді» деген тәмсіл қалмады емес пе?..

А.МЕЙІРХАН
07 тамыз 2021 ж. 937 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930