Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің барлық өңірінде жолаушылар автобусы спутниктен бақыланады

Еліміздің барлық өңірінде жолаушылар автобусы спутниктен бақыланады

Қазіргі уақытта мұндай жүйе еліміздің жеті қаласында жұмыс істеп тұр.

Осы жылдың соңына дейін қалалық және бағытты автобустарды спутниктен бақылау жүйесі тағы жеті өңірде іске қосылады. Сөйтіп, биыл бұл жүйе еліміздегі барлық 14 облыста түгел қолданылады. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, бұл шара жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту үшін қолға алынып отыр.

Қоғамдық көлік қызметі сапасын арттыру үшін Астанада және Алматыда қоғамдық көлік қозғалысына арналған жеке жолақтар, қалалық және қала іргесіндегі бағыттардың спутниктік мониторингі жүйесі енгізілді, “ақылды” аялдамалармен сараланған тарифі бар электрондық төлем жүйесі орнатылды. Бүгінде еліміздің жеті қаласында автобустарды спутниктен бақылау жүйесі жұмыс істеп тұр. Осы жылдың соңына дейін тағы жеті облыс орталығында осындай жүйені іске қосу көзделіп отыр, – деді Роман Скляр Сенат отырысында.

Оның мәліметінше, министрлік қалаларда 10 мың автобус сатып алу үшін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын жасаған, соның арқасында автопарк 54%-ға жаңартылады.



24 қараша 2018 ж. 1 099 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031