Тау тұлғалы Толыбай батыр
Толыбай батыр кесенесі Бекарыстан би ауылының солтүстігінде бес шақырым жерде орналасқан. ХІХ ғасырда салынған архитектуралық ескерткішті Қазпроектреставрация институты 1986 жылы есепке алып, құжаттарын дайындаған. Жергілікті маңызы бар кесене мемлекет қорғауына 2003 жылы алынған. Толыбай батыр ел қорғаған жаужүрек, қайсар батыр халықтың жау алдында бетке ұстар айбаты болған. Оның қаһармандыққа толы жорықтары жайында ел ішінде сақталған аңыз әңгіме көп.
Нақты деректер бойынша, Жақайымның Бердіңғұлы Игіліктің бес баласының бірі Құттыбайдан шаңыраққа ие болып жалғыз Мыңбай қалған деседі. Ұрпақ жалғастығын ойлаған Мыңбай Сары және Алтынай атты екі әйел алады. Сөйтіп некелі әйелдерінен 10 ер бала дүниеге келеді. Алтынайдан өрбіген алты ұлдың ең кенжесі Толыбай екен. Толыбай батыр да әке жолынан айнымай бес әйел алған. Олардан 13 ұл көреді. Бәйбішесі Жора қарулы кісі болған деген халық арасында аңыз бар. Ерлердің күш-қайратынан кем түспейтін ананың құдыққа түскен атанды жалғыз өзі тартып шығарғаны жиі айтылады. Соған қарағанда оның сүйегі ірі, денелі жан болғанға ұқсайды. Осы батыр анадан туған төрт ұлдың ішінде Бекет пен Медет аймаққа белгілі көріпкел, әулие атанған. Ал Шалбура мен Күшік жауына жалғыз шапқан ержүрек, қайратты батыр ретінде ел жадында сақталған. Үшінші әйелі Аймекеннен Көтібар мен Хангелді туады. Осы аталған Көтібар батырдың екінші әйелінен Арал ауданының төңірегіне белгілі Жарбол әулие дүниеге келген. Келесі жары Ақтумадан Қаратабан мен Есет туады.
Аңызға сенсек, Толыбай батыр Ақшатау алқабын жайлаған. Бір жорық үстінде қатты жарақат алған батыр «Қотанкөлде» көз жұмған. Қариялардың айтуынша, Толыбай Жанқожа батырдың замандасы. Қос батыр бірге иық тіресе жауға қарсы шауып, дұшпанын жаншыған тұлға ретінде мадақталады. Көнекөздерден қалған дерек бойынша Толыбай Жанқожадан бес жастай үлкен көрінеді. Шамалап есептегенде Толыбай батыр 1780 жылы туып, 1869 жылы дүниеден өткен. Оның ерлікке толы жорықтарын үлкендер басқосқанда дастарқан басында ара-тұра өсиет әңгімесіне қосып айтып отырады. Халық Толыбай батырдың жаудан тайсалмайтын өжеттігін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізіп отыруды дәстүрге айналдырған.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА