Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға зейнетақы ақшасын басқарудың 15 жолы ұсынылады

Қазақстандықтарға зейнетақы ақшасын басқарудың 15 жолы ұсынылады

Фото: ЖИ
Жақын арада қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын басқару үшін 15 инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады. Нарықтағы бес жеке басқарушы компанияның әрқайсысы салымшыларға үш түрлі стратегия ұсынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, жаңа жүйе азаматтарға тек басқарушы компанияны ғана емес, өз тәуекел деңгейіне сай нақты инвестициялық бағытты таңдауға мүмкіндік береді. Бес жеке компанияның әрқайсысы үш портфель қалыптастырады:
Консервативті (тәуекелі төмен, тұрақты табыс);
Орташа (умеренный) (теңгерімді стратегия);
Тәуекелді (жоғары табыс деңгейіне бағытталған).
БЖЗҚ мен Ұлттық банктің рөлі қандай болады?
Жанат Құрмановтың сөзінше, болашақта БЖЗҚ кәсіби нарық ойыншыларын алмастырмайды. Қор бұрынғыдай инфрақұрылымдық институт ретінде қала береді: зейнетақы активтерінің есебін жүргізеді және салымшыларға қай компанияның қандай табыс деңгейін көрсетіп жатқаны туралы ашық ақпарат береді.
“Біз салымшыларға қай басқарушы компанияның қаражатты тиімді басқарып отырғанын, қандай табыс деңгейі көрсеткіштерін көрсетіп жатқанын және нарықта қандай портфельдер бар екенін жеткізіп отырамыз. Ал шешімді азаматтардың өзі қабылдайды”, — деді БЖЗҚ басшысы.
Сонымен қатар Ұлттық банк те зейнетақы активтерінің негізгі бөлігін басқаруды жалғастырады және қаражаттың бір бөлігін жеке компанияларға арнайы инвестициялық мандаттар аясында бөліп бермек.
2030 жылға қарай жеке компанияларға 8,4 триллион теңге берілуі мүмкін
Капитал нарығын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2030 жылға қарай зейнетақы активтерінің 30%-ға дейінгі бөлігі жеке басқарушылардың қолына өтуі тиіс. Қазіргі жалпы активтер көлемі 28 триллион теңге екенін ескерсек, бұл шамамен 8,4 триллион теңге.
Жанат Құрмановтың айтуынша, мұндай ауқымды қаражатты игеру үшін басқарушы компанияларға қойылатын талаптар да күшейтіледі:
Меншікті капиталға талап: Компаниялардың капитализациясы артуы тиіс;
Шығынды өтеу міндеті: Егер инвестициялық табыстылық белгіленген нарықтық межеден (бенчмарктан) төмен болса, басқарушы компания айырмашылықты өз капиталы есебінен өтеуге міндетті болады.
Еске салсақ, 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар өз зейнетақы жинағының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық портфель басқарушыларына аудару құқығына ие болған еді. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазіргі 27 триллион теңгеден асатын зейнетақы активтерінің 99 пайызы Ұлттық банктің басқаруында отырғанын, ал жеке компаниялардың үлесі небәрі 1 пайыз (268,1 млрд теңге) екенін хабарлаған.
17 қараша 2026 ж. 27 0

Сандар сырын ұққан

17 қараша 2026 ж. 65

Еңбекті сүйген ер еді

17 қараша 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30