Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дүние-кезек

Дүние-кезек

Дәрігердің пышағына түскен науқас үлкен аурухананың бас дәрігері еді. Сырқаты бір қарағанда ауыр көрінбегенімен, науқастың алыс сапарға төзе алмайтындығын сезген жақын достары, кеудеде маздаған үміт отын өшірмей, отаны өздері жасауға бел буады. Алайда, асқынған аурудың алдын алу үшін бұл әрекеттерінің қаншалықты қуандырып, қаншалықты өкіндірерін ойлаған олар нақты іске келгенде жүректері дауаламайды.

Осы уақытта, бұл жағдайды кімнен естігені белгісіз, білімі мен тәжірибесі жетік жас дәрігер келіп, операция сәтті өтеді. Әл-дәрмені таусылуға таяған бас дәрігер өзіне қол созып, жанына араша болған жанның жақсылығының ақысын қалай ғана өтеймін деген ой кешіп, жас жігіттің қолынан қыса ұстап, жарық дүние есігін қайта ашқандай іштегі ойын ақтарады.

«Алла Тағала саған риза болсын, балам! Мен үшін басқа қаладан келіп, жасаған жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын» деп сөзін бастады науқас.

«Маған наркоз беріп жатқан сәтте өткен өмірім көз алдымнан кезекпе кезек көрініс берді. Ана құрсағынан шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиді мүгедек болады деген себеппен өлтіргелі жатқанда көңіл шіркін қия алмай, араша болып қалғаным есімде қатты сақталды. Сол сәбидің болашағына жарық сәуле түсіруге себеп болғанымды ескеріп Алла маған сені көмекке жіберді ме деп ойлаймын» деді ол өткеніне ой жүгіртіп.

Осы сәтте жас дәрігер әкенің туған баласына арналған махаббатын көрсеткен қарт дәрігердің қолын босатып, аяғын алдыға созып, қисық біткен бақайларын көрсетіп: «Алла тағала жақсылықты еш уақытта ұмытпайды. Сіз құтқарған бала мен едім» деп жауап қатты.
ortalyq.kz
22 қазан 2019 ж. 1 536 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 103

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 100

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 99

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930