Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді

"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласындағы тәжірибелі пластикалық хирург Әлімжан Романкулов қазақстандық әйелдердің пластикалық отаға неге әуес екенін, соңғы кездері ер адамдар да пышаққа жиі түсе бастағанын әрі арзан операция неге қауіпті екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Әлімжан Романкулов Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде пластикалық хирург мамандығы бойынша білім алған. Хирургия саласында еңбек етіп жүргеніне 13 жыл болыпты. Алғашқы отасын сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйел адамға жасаған екен.
Пластикалық ота қанша тұрады?
Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда пластикалық отаны жасататындардың саны артқан, бағасы да операцияның түріне қарай әртүрлі болады екен.

"Өткен жылдармен салыстырсақ, бұрын аптасына 10 операция жасайтынбыз. Бүгінде аптасына 20-30 рет жасайтын кездер болады. Қазақстандағы пластикалық отаның бағасы ақылға қонымды, аса қымбат емес. Әр пластикалық клиниканың өз бағасы бар. Бұл олардың қандай импланттармен жұмыс істейтініне байланысты. Қазір импланттардың түрі өте көп, бағалары да қолжетімді, сондықтан әр пациент қалтасына қарай көсіледі. Мысалы, елімізде қабаққа операция (блефаропластика) жасатудың бағасы - 100-400 мың теңге. Омырауды үлкейтетін отаның (маммопластика) бағасы 600 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетеді", - дейді Әлімжан Романкулов.

Пластикалық отаға кімдер әуес?
Пластикалық хируг көбінесе әйелдер ота жасататынын атап өтті. Олар әдемі болу үшін осындай қадамға барады. Дәрігер ескерткендей, пластикалық ота барысында адамның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар болуы мүмкін.

"Өзімнің жеке тәжірибеме сүйенетін болсам, маған 95% әйелдер келеді, орташа жасы - 40-50. Олар көбінесе блефаропластика (қабақ пластикасы), маммопластика (омырауды үлкейту) жасатады. Медицинада "кепілдік" деген ұғым жоқ, себебі отаның адам ағзасына қалай әсер ететінін болжап білу мүмкін емес. Біз ақыл-кеңес қана бере аламыз", - дейді тәжірибелі дәрігер.

Пластикалық операция
Хирургтің айтуынша, пластикалық ота жасатуға көбінесе әйелдер келеді
Ерлер де пластикалық ота жасатады
Әңгіме барысында Әлімжан Романкулов соңғы кездері ер адамдардың да ота жасатып жүргенін айтады.

"Қазіргі таңда еркектер де операция жасататын болды. Мысалы, бұрынғы жылдары 3 айда бір ер адамға операция жасасақ, бүгінде бір айда 3-4 еркек келетін болды. Олар көбінесе отопластика, блефаропластика (қабаққа ота жасау) жасатады. Отопластика кезінде құлаққа ота жасаймыз. Яғни
қалқанқұлақ болса, оны кішірейтеміз. Сондай-ақ кейбір ер адамдар жыныстық қатынасқа көңілі толмай, жыныстық мүшесін үлкейту үшін келеді. Мұндай жағдай екі айда бір рет кездеседі. Ондай операцияның бағасы 300-400 мың теңгені құрайды, ота бір сағатқа созылады", - дейді пластикалық хирург.

Пластикалық ота арзан болса...
Дәрігердің айтуынша, кейбір қазақстандықтар Қытайға барып ота жасатады. Себебі ол жақта пластикалық операцияның бағасы арзан әрі ешқандай анализ тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ дәрігер мұндай отаның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертті.

"Анализдің қорытындысын білмей, адамға операция жасауға болмайды. Қытайдағы қонақүйлерде анализсіз түрлі операция жасайтындар бар. Бұл заңға қайшы әрі адам өмірі үшін қауіпті, себебі мұндай операция кезінде науқас венерологиялық жұқпалы ауру жұқтыруы мүмкін. Соған қарамастан ол жаққа ота жасатуға баратындар бар. Кейін олар қазақстандық хирургтарға келіп емделеді", - деді Әлімжан Романкулов.

Пластикалық ота жасатып, сұлу қызға айналды
Сұқбат барысында пластикалық хирург адам танымастай өзгерген 24 жастағы қыз туралы айтып берді. Жас қыздың сыртқы келбетіне көңілі толмай, пластикалық ота жасатуға бел буыпты.

"Маған бір күні 24 жастағы қыз келді. Қай қалада тұратынын, аты-жөнін айта алмаймын. Ол құлағына, мұрнына, көзіне, иегіне, екі ұртына ота жасатып, бөксесін үлкейтті. Сөйтіп, ол адам танымастай өзгеріп, сұлу қызға айналды. Бұл пациентте артық салмақ болған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз, өз дене-бітімінен ұялатын. Ол әдемі болу үшін 5-6 миллион теңге жұмсады", - дейді дәрігер.

Пластикалық ота жасатам десеңіз....
Әлімжан Романкулов пластикалық ота жасатқысы келетіндерге кеңес берді. Оның айтуынша, бұл шешімді асықпай қабылдаған жөн.

"Кез келген операция адам өміріне қауіп төндіреді. Соған қарамастан кейде адамдар әдемі болу үшін пышақ астына түсіп жатады. Сондықтан бұл шешімді асықпай қабылдаңыз. Ал егер пластикалық ота жасатқыңыз келсе, тәжірибелі, еңбек өтілі мол хиругпен ақылдасқан жөн. Операция жасату сізге қажет пе, оның нәтижесі қандай болады - осыны анықтап алу қажет. Екіншіден, операцияға қажет барлық анализді тапсыру керек. Себебі анализдің қорытындысы білмей, адамға операция жасауға болмайды", - деп пластикалық хирург сөзін түйіндеді.
sputniknews.kz

29 шілде 2019 ж. 1 484 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930