Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қой сою тәртібін білесіз бе?

Қой сою тәртібін білесіз бе?

Қазақ халқының басты тағамы ет болғандықтан, мал сою рәсімі өз алдына дәстүрге айналған. Қазақ халқы ең сыйлы адамдары үйге қонаққа келгенде қойдың басын ұсынады. Қойды соймас бұрын қонаққа бата бергізеді. Сосын өткір пышағын қолына алып, өз ісіне кіріседі. Ертеректе әрбір қазақ жігіті мал сою және оны жіліктеу дәстүрін жақсы білетін. Шыны керек, бүгінде «қойымды сойып берші» деп көршісіне жүгіретін қазақтың қарасы көбейді. Сол себепті біз бүгін қой союда орындалатын салт-дәстүрлер мен оған берілетін түсініктер туралы баян етеміз.
1998 жылы «Сөздік-Словарь» баспасынан жарық көрген «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы» атты кітапта қазақтың қой сою дәстүріне қатысты негізгі талаптарды келтіріп өтеді.
Мысалы:
1. Сойылатын қойды таңдау. Сойылатын қой пышаққа жарамды семіз болуы керек. Буаз қой сойылмайды, өсімге қалдырылады. Көбіне қоңы жарамды қартаң қой таңдалады.
2. Таңдалып алынған қойды қонаққа көрсетіп, бата сұрау. Сояр қой таңдалып, іріктеліп алынғаннан кейін үй иесі ақ адал –малын қонағына көрсетіп бата сұрайды.
3. Қысапшы пышағын, құманын дайындау. Үй иесі малын қонағына көрсетіп, оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап, құманға жылы су құйып, шаптасын ыңғайлап қояды.
4. Малды бауыздау. Малды бауыздау үшін қан–жын төгіліп, үйдің маңын шыбын–шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә» деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.
5. Қойдың аяғын байлаған жібін шешу, құмандағы сумен қойдың алқымын жуып, бауыздау, қанынан тазарту, қолын, пышағын жуу. Бауыздалып жаны әбден шыққанан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Содан кейін қысапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау қанынан тазартады, қолын, пышағын жуады.
6. Бауыздалған қойдың екі түрлі тәсілмен сою. Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – төселген шыптаның үстінде жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою (кей жерде асып сою деп аталады).
7. Қойдың терісін іреу, түю. Қойды сою үшін алдымен терісінен ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен қойдың терісінен бауыр жағынан кесуді айтады.
8. Бас пен 4 сирақты үйту. Тері сыпырылмас бұрын бөлек алынған бас пен сирақ үйтуге жіберіледі.
9. Терісі сыпырлған қойдың денесін мүшелеу.

21 тамыз 2018 ж. 2 660 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930