Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тартысты өткен сайыс

Тартысты өткен сайыс

Жуырда Абай ауылдық клубында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мамандығыммен мақтанам» атты ауыл мекеме аралық мамандар сайысы өтті.
«Абай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен өткен сайыста ауыл ұжымдары бақ сынады. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынаған додаға ауыл әйелдер кеңесінің төрайымы – Гүлсара Берден мен ауыл әкімшілігінің бас маманы Едіге Жадырасынов қазылық етті.Сайыс барысында мекеме мамандары өз жұмыстарымен таныстырып, жан жақты өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде, көпті басып озған мектеп ұжымы бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынға мәдениет саласының ұжымы жайғасса, үшінші орынды №23 «Қарлығаш» балабқша ұжымы місе тұтты. Қатысушыларға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар да табысталды.Тартысты өткен сайыс соңында ауыл үлкендері өткізілген шараны оң бағалап, жиналған жұртқа ақ батасын берді.

Жазира ШУНКАНОВА,
Абай ауылдық клубының әдіскері
30 қаңтар 2025 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930