Синоптиктер Қазақстанда келер қыс әдеттегіден жылы болады деп болжады

"Қазгидромет" 2026 жылғы қараша мен 2027 жылғы наурыз аралығындағы маусымға Қазақстан бойынша маусымдық ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, 2026 жылғы қараша айы әдеттегіден жылы болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2°C жоғары болады деген болжам бар. Сондай-ақ қараша айы жауын-шашынды болмақ.
Жаңбыр көбіне республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың шығыс бөлігінде және таулы аймақтарында жауады.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар және жылбысқы қар түрінде жаңбыр жауады. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде, айдың басын қоспағанда, негізінен қар жауады. Айдың алғашқы күндерінде бұл аймақтарда жаңбыр мен қар аралас түсуі мүмкін.
Сонымен қатар елдің көптеген өңірінде тұман, көктайғақ және екпінді жел соғады. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде боран соғуы ықтимал.
Қыс жылы болады, қар көп түседі
"Қазгидромет" болжамы бойынша, 2026-2027 жылғы қыс әдеттегіден жылы, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде болады. Алайда елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Орталық Қазақстанда қар қалыпты мөлшерден көп түсуі мүмкін.
Қыс бойы боран соғып, жел күшеюі, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Температураның бірде жылынып, бірде күрт суытуы қардың бетінде мұз қабатының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа температурасы климаттық нормадан 2°C жоғары болуы ықтимал. Қар солтүстік және шығыс аймақтарда көбірек түседі. Ал Қызылорда облысының оңтүстігінде жауын-шашын аз болуы мүмкін.
Қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде температура климаттық нормаға жақын болады.
Ақпан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–3°C жоғары болады деген болжам бар.











