Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада көктайғақ, ал Алматыда күн жылынады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астанада көктайғақ, ал Алматыда күн жылынады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астанада көктайғақ, ал Алматыда күн жылынады: үш күнге арналған ауа райы болжамыАлматы. Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада 20 қазанға қарай жаңбыр аралас қар, көктайғақ және екпінді жел күтіледі, ал Алматыда жауын-шашын болжанбайды, күндізгі температура 20 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана

18 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.
19 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады деп күтіледі, жауын-шашын болжанбайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
20 қазанда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы болады.

Алматы

18 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
19 қазанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
20 қазанда тағы да құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +18...+20 градус болады.
18 қазан 2026 ж. 20 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031