Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызбіршілікке бастаған ауыл күні

Ауызбіршілікке бастаған ауыл күні

Жуырда Бекарыстан би ауылында үлкен той болды. Дәлірек айтсақ, пейілі кең, көңілі дархан, қойнауы құтқа толы, береке-базары үзілмеген Бекарыстан би ауылының ғасыр тойымен қатар ауылдың мәдениет ордасына 50 және №24 білім ұясына 90 жыл толуына орай “Ауылым – алтын бесігім” атты облыстық драма үйірмелері арасында байқау өтті.

Ауылдың ғасыр тойын тойлау мақсатында өткен ауқымды шараның өтуіне мұрындық болған аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту орталығы, ауыл әкімдігі және Бекарыстан би мәдениет үйі ұжымы.
Алдымен мәдениет бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы бастаған кеш қонақтары ауылдық мәдениет үйі, кітапхана мамандары клуб кіреберісіне ұйымдастырған ауылдың тыныс-тіршілігі һәм тарихы бейнеленген көрмемен танысты. Сонымен қатар жиналған жұртқа арнайы даярлаған бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң сахна төрінен сөз алған Болат Жолтаев, Бекарыстан би ауылының тұрғындарын 100 жылдық тойымен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тілесті.
– Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, қазақтың күретамыры, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті. Ұлт руханияты да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры ауылдарымызда сақталып келеді. Көпті көрген көнекөз қарттарымыз ауылда жатып-ақ, ұлт болашағы үшін ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда. Атасы мен әжесінің тәрбиесін көрген қарадомалақтар ұлт мәдениетінің мөлдір тұмасынан сусындайды.
Бір ғасыр – адам ғұмыры үшін тұтас бір дәуір. Ал тұтас бір ауыл үшін бұл уақыт дәуір белесі десек, қате болмас. Құрметті, Бекарыстан би ауылының тұрғындары! Сіздерді шын жүректен ауылдың жүз жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Байқауға қатысушы барша үйірме мүшелеріне сәттілік тілеймін, – деді ол.
Мұнан соң Майдакөл ауылдық округі әкімі Қ.Құрманбаев, ауыл ақсақалы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Б.Садуов және ауылдық әйелдер кеңесі төрайымы Құралай Бекжановаларда ақжарма тілегін айтты.
Аталмыш байқауда аудандық мәдениет үйі орталығының суретшісі Әбілқайыр Өмірбекұлы және орталық өнерпазы Гүлбану Досан сынды азаматтар қазылық етті.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Ү.Түктібаев ауылдық клубы жеңді. Бірінші орынды Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі иеленді. Ал екінші орынға Бекарыстан би ауылы мен Жалаңтөс батыр ауылдық мәдениет үйлері жайғасты. Үшінші орынды Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы мен Қармақшы ауданы, Ақай ауылы және Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылдық клубы тең бөлді.
Сонымен қатар байқауда бақ сынаған барлық жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпат пен алғыс хаттар табысталды. Кеш соңында ауылдық мәдениет үйі ұжымы облыстық деңгейдегі байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне демеушілік жасаған, жеке кәсіпкер Ертай Тоқболатовқа жәна басқа да азаматтарға алғысын айтты.
Серік АҚМЫРЗА
01 маусым 2024 ж. 540 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 38

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 34

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930