Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын рухы ардақталды

Ақын рухы ардақталды

Жуырда Тасарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі» атты көркемсөз оқу сайысы өтті.
Ақиық ақынға арналған кештің алғашқы сөз ауыл әкімі Әлмұхан Ерғалиұлының жылы лебізімен ашылды.
– Құрметті жастар бүгін есімі елге танымал, сөз шебері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылып жатқан сайыста баршаңызға сәттілік. Ақын рухын ардақтап, өнеріне деген құрметтеріңізді көрсетіп жатқандарыңыз үшін мың алғыс, – деді ауыл әкімі.
Сөз шеберлерінің арасында өткен тартыстың негізгі мақсаты ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен қатар отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көркемсөз оқу сайысы екі кезең бойынша өтті. Оның алғашқы кезеңі оқушылар ақынның бір өлеңін жатқа айтудан тұрса, екіншісі еркін тақырыпта кез-келген ақынның жүректен шыққан өлең-ғазалдарынан шашу болды.
Сайыс нәтижесі бойынша, 7 сынып оқушысы Ақжүніс Көпен өзінің ерекше мәнері мен ақын өлеңдеріне деген сүйіспеншілігін таныта, көпті басып озып І орынды иеленді. Ал ІІ орынды сайыста аса белсенділік танытқан 6 сынып оқушысы Мансұр Құттыбай алса, ІІІ орын 5 сынып оқушысы Жаңабай Асылнұр бұйырды. Басқа да ақын рухына құрмет көрсетіп, шараға қатысудан шет қалмаған жастар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мұзбалақ ақынның поэзиясын бала жүрегімен сезініп, ардақтаған алтын оқушылар Мұқағалидай мәшһүр, өлмес ізі қалған, ел ардақтысы болатынына сеніміміз мол.

Серік АҚМЫРЗА
11 ақпан 2023 ж. 598 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930