Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өлгенше өлең-жырды жоғары етті

Өлгенше өлең-жырды жоғары етті

Сыр өңірі ежелден мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің ордасы, құтты мекен, қасиет дарыған өлке. Сыр сүлейлері Балқы Базар, Нысанбай жырау, Қарасақал Ерімбет, Тұрмағамбет, Жиенбай жырау, Даңмұрын мен Нақып, Бұдабай мен Дүр Оңғар осы өңірден шыққаны бәрімізге белгілі. Солардың жыр-дастандарын қазір ел-жұрт қастерлеп ауызға алады, тал жібектей өрілген өлеңдерін, айтыс-жырларын сүйіспеншілікпен айтып жүр. Сондай халқы құрмет тұтқан Сыр сүлейлерінің бірі – Шораяқтың Омары.
Шораяқтың Омары бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария болысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12 ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылы) 1878 жылдың 22 қазанында туып, 1924 жылы 14 маусымында дүниеден өткен. Ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін өз бетінше оқып білімін толықтырған. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін кеңес қызметіне араласты.
«Кетеде Шораяқтың Омары өтті, Өлгенше өлең-жырды жоғары етті» деп, кезінде өзінің өскен ортасы жоғары баға берген Омар ел-жұртының қадірлі ақыны бола білді. Оның адамгершілікке, ізгі қасиеттерге үндеген термелері мен толғаулары, өткір айтыстары, нақыл сөздері, жұмбақтары өзінің ізін басқан ақын-жыршылар үшін үлкен тәлім аларлық мектеп болды.
Бұған қоса, ол он бестен астам дастан жазды. Таубайдың Жүсібі, Қарасақал Ерімбет, Нұрмахан, Залбай тәрізді саңлақтармен айтысқа түскен.
Омардың артында мол мұра қалды. Ол хат танитын, өткір тілді, талай рет жүлде алған ақын болған. Өлең жазуды 16 жасынан машық ете бастаған ақынның көптеген терме, мысал, өсиет, толғау, арнау өлеңдерінен басқа «Қара шекпен», «Маймыл», «Һах Сүлеймен», «Кедей», «жарлы Тәліп», «Тау елі» және басқа да дастандары бар.
Омар Шораяқұлының қалдырған мұраларын халық арасында ұмыт қалдырмай жырға қосып, насихаттау, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы ауданы әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жыр өнерінде өзіндік дара жол қалыптастырған Сыр сүлейі, шайыр Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған «Алты Алаштың шайыры...» атты облыстық жыр кешін өткізді.
Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов жүргізді.
Жыр мерекесіне Сыр еліндегі белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпенова және жас буын жыршылар қатысып, жырға сусаған жұртшылықты өнерімен тәнтті етті.
19 сәуір 2018 ж. 2 277 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930