Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Танакөз» тәнті етті

«Танакөз» тәнті етті

«Театр – өмір айнасы» деп жатамыз. Осы сөздің мән-мағынасы үлкен бір астарды аңғартатындай. Күнделікті күйбеңге толы тыныс-тіршілігімізді сахнадан көргенде ерекше күйге бөленетіндігіміз рас. Айтқымыз келгенді әртістер жеткізіп, өз бойындағы кей сезімінің нәзік иірімдерін сахнада көрсетіп тұрғанда, көңіл түкпірінде ерекше толқыныстың орын алатындығын несін жасырайық?! Бәлкім, шын өнер осынысымен де құдіретті шығар.
Дәл осындай кент тұрғындарының көзайымына айналған қойылым жуырда аудандық оқушылар үйінде өтті. Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасының желісімен қойылған спектакльде Мұрат пен Мұхтардың алғаусыз достығы, екі жігіттің қатар өскен құрбылары Танакөзді бірдей ұнатып қалуы сәтті бейнеленген. Театр өнеріне сусап қалған өңір тұрғындарының спектакльді ерекше қошеметпен қабылдағанын айтпай кетуге болмас.
– Жалпы, бүгінгі қойылым өзіме ерекше ұнады. Әсіресе, екі достың бір-біріне деген құрметі кім-кімге болмасын үлгі болуға лайық. Қойылымның басты кейіпкерлерінің бірі Мұрат трактордың астына түсіп қалатындағы көрініс көрген жанның көзіне жас үйірді деуге болады. Содан кейінгі ауыр хәл үстінде жатқан Мұратқа қарамай, жас келіншегі Зеркүлді анасының алып кететін тұсы өкінішке орай, қазіргі қоғамның ащы шындығы. Осы «Танакөз» спектаклін көруге екінші рет келіп отырмын. Екеуінде де ерекше әсерге бөлендім. Алдағы уақытта осындай қойылымдар аудан сахналарынан жиі көрсетіліп тұрса дер едім, – дейді спектакльді тамашалаған Мұхтар Жұбандықов есімді көрермен.
Айта кетейік, «Танакөз» спектаклін белгілі өнер майталмандары ҚР оқу ісінің үздігі Ұлжан Ахметова мен ҚР мәдениет саласының үздігі Арман Әуезов қойған болатын.
– Осы спектакльді қоюға екі ай уақытымыз кетті. Зейнетке шықсам да «театр», «спектакль» дегенде көңілім алып-ұшып тұрады. Бүгінгі қойылым патша көңілді көрермендерге ұнады деген ойдамын. Барлық әртістер осы сала бойынша жоғары білімі болмаса да, қойылымды үлкен жауапкершілікпен алып шықты. Тіпті, Қазалы қаласында да сахналауға ұсыныс түсіп отыр. Билік тарапынан қолдау көптеп көрсетіліп жатса, Қазалы ауданында театр өнері жанданады деген ойдамын, – дейді спектакльдің режиссеры Ұлжан Ахметова.
Шара соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қойылымның ерекше өткендігін, алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, халықаралық театр күніне орай ҚР оқу ісінің үздігі Ұлжан Ахметоваға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хаты» тапсырылды.
Есет ТАБЫНБАЕВ
09 сәуір 2018 ж. 3 040 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031