Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақша көйлекпен сахнаға шыққан орыс қызы шетелден жүлдемен оралды

Қазақша көйлекпен сахнаға шыққан орыс қызы шетелден жүлдемен оралды

Оралдық Ольга Крамаренко мен оның анасы Грузия астанасы Тбилиси қаласында өткен сұлулық байқауында жүлдегер атанған деп хабарлайды Мой город басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
15 жастағы бойжеткен бұған дейін қаңтар айының 24-30 аралығында Тбилиси қаласында өткен "International Beauty Talent and Fashion Awards World Rising Stars -2018" халықаралық сән және сұлулық байқауына қатысқан.
Ольганың анасы Татьяна Крамаренконың айтуынша, бойжеткен сән әлемімен былтырдан бастап қана қолға алған екен. Осылайша, жас сұлу анасымен бірге ғаламтордан түрлі сән байқауларына қатысуға өтінім жөнелтумен болған.
«Біз интернет арқылы бірнеше жобаларға қатысу туралы өтішін толтырып, жолдаған едік. Үш күннен кейін бізге Қазақстандағы «Хан және ханшайым» байқауының ұйымдастырушылары хабарласып, Грузияда өтетін World Rising Stars -2018 байқауына қатысу туралы ұсыныс айтты. Біз оны қуана қабылдадық»,-дейді сәнгердің анасы.
Сұлулық байқауына Ресей, Румыния, Македония, Өзбекстан, Алмания сияқты көптеген елдердің бойжеткендері қатысқан. Додада оралдық ару үш бірдей аталымда жеңімпаз атанса, оның анасы Татьяна Крамаренко да сұлулық додасына қатысып жатқан арулардың аналарының ішінде ең сұлуы деп танылып, «Best Fashion Mother of the Years 2018» аталымын жеңіп алған. Сонымен бірге, жасы небәрі 15-тегі бойжеткен Италияның Милан қаласында өтетін сән апталығына шақырту алған.
«Бізге бұл жеңіс күтпеген жерден болды, қуаныштымызда шек жоқ»,-деп өз әсерлерімен бөліскен Ольга мен оның анасы Татьяна Крамаренко.
20 ақпан 2018 ж. 3 266 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930