Фонетика әліппесі деген не?
Фонетика әліппесі – сөздегі әріптерді ажыратуға арналған стандарт. Оны радиобайланыста, қандай да бір термин, электрон пошта мекенжайын немесе кез келген сөздегі әріптерді жеке-жеке айтып, қатенің алдын алу үшін қолданылады.
Мұны ағылшын тілінде "spelling" дейді. Мысалы ағылшынша "light" және "lite" сөздері бірдей дыбысталады, оларды ажырату үшін әріптеп айту керек. Фонетика әліппесіне сай әр әріпті кезек-кезек айтқанда, сол әріптен басталатын сөзді айту керек. Мәселен "How do you spell that (lite)?" сұрағына Lima, India, Tango, Echo деп жауап беру керек. Сонда әр сөздің бірінші әрпі арқылы нақты "lite" туралы айтылып жатқаны түсінікті болады. Спеллингте жеке әріптерді айтып та шектелуге болады.
Бұл сөздер жүйесі 4 рет ауысып, 1957 жылы бекітілген. БҰҰ Халықаралық азаматтық авиация ұйымы спеллинг әліппесін қабылдаған соң, оны авиация, ағылшын тілінде сөйлейтін әскерилер қолданып келеді.
Фонетика әліппесінің басты ерекшелігі – әр әріпке бекітілген сөздер айтылуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Ағылшын тілінің фонетика әліппесі:
A - Alfa
B - Bravo
C - Charlie
D - Delta
E - Echo
F - Foxtrot
G - Golf
H - Hotel
I - India
J - Juliett
K - Kilo
L - Lima
M - Mike
N - November
O - Oscar
P - Papa
Q - Quebec
R - Romeo
S - Sierra
T - Tango
U - Uniform
V - Victor
W - Whiskey
X - X-ray
Y - Yankee