Жігіт сұлтаны анықталды
Аудандық мәдениет Орталығында "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтті.
Серілер сынына білекті де жүректі 15 жігіт қатысып, мықтылықтарын танытты. Жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға көрермендер көп жиналды.
Сайысқа Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік тіл маманы Таңжанов Жұбатқан, №17 Қазалы спорт мектебінің қазақ күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Өмірбеков Әділет және аудандық оқушылар Үйі жанындағы ән үйірмесінің жетекшісі Қарымсақова Нағима қазылық жасады.
Байқау төрт шарт бойынша жүргізіліп, талапкерлер өз өнерлерін ортаға салды.
Төрт кезең бойынша өткен сайыста Бас жүлдені Бекарыстан би ауылынан Ыбырай Нұрдаулет жеңіп алса, І орынды №276 мектебінен Кәден Ілияс, жүлделі ІІ орынды Бозкөл ауылынан Нұрғали Ақжол және №204 мектептен Өтеміс Нариман, ІІІ орынды №249 мектеп-лицейден Мейірман Меңдібай және Қазалы қаласындағы №95 мектептен Қауымбаев Бауыржан жеңіп алды.
Осылайша тәуелсіз елдің ұландары мықтылықтарын танытып «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайықты екендіктерін дәлелдеді.
Айта кетейік, аудан көлемінде өткен байқаудың жеңімпазы облыстық сайысқа қатысатын болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат