Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жігітке жеті өнер де аз

Жігітке жеті өнер де аз

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында “Жігіт сұлтаны” байқауы өтті. Жалын жүректі жігіттердің батылдығы, ептілігі, сауаттылығы мен өнері сынға түскен сайысқа ауданның әр ауылынан келген үміткерлер қатысты.
Жастар жылына орай ұйымдастырылған байқаудың маңызы ерекше.
– Қазақ халқы ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Жасынан адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Аудандық мәдениет орталығы Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында өткізіп жатқан шараның негізгі мақсаты да осы. Білімді де білекті жігіттерді елге таныстыру, – дейді қазылар алқасының төрағасы Н.Аралбаев.
Қызықты әрі тартысты додада ұлттың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрі жаңғыртылды. Сахна төрінде қамшы ілу, қамшы өру, селк еткізер, қақпан және тұзақ құру, тағы басқалары көрсетілді. Әсіресе, «ашамайға отырғызу» дәстүрі көрермендерді бейжай қалдырмады. Ашамайға мінгізу – қазақы тәрбиелік мәні бар салт. Бұл ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде, әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Мұның жас өскіннің сана-сезімін жетілдіруге тигізетін пайдасы мол болған.
Байқау барысында жігіттер гір көтеріп, қол күресті. Қысқасы, барлығы да бойындағы өнерін көрсетуден аянып қалмады. Нәтижесінде Бозкөл ауылының намысын қорғаған Нұрбек Әбдіразақ топ жарып, «Жігіт сұлтаны» атанды. Ал бірінші орынды Самат Жарболов иеленсе, екінші орынды Арнұр Әлжан мен Қуанжан Айдынқұлов, үшінші орынды Құлпыбай Жөкеев пен Олжас Дүйсенбай өзара бөлісті.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
23 ақпан 2019 ж. 4 951 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930