"Он екі ирек" естігенді еріксіз баурайды
Ән – көңілдің ажары. Әсем де сырлы саз жан-жүрегіңді еріксіз баурап, қиян-қиырға жетелейді. Бір сәт көкірек сарайың жауыннан кейінгі табиғаттай тазарып, жеңілденіп-желпініп қалады. Тыңдарманды осындай көтеріңкі көңіл-күйге бөлеп жүрген есті де, әсерлі әуен қатарында «Он екі иректі» атап өтсек ешқандай қателеспейміз.
Жібектей есіліп, халық әуезін еске түсіретін бұл туындының авторы жүзден астам ән шығарып, «Қазалының Шәмшісі» атанған ардагер ұстаз, жергілікті сазгер Нұрмаш Алғашбаев екенін біреу білсе, енді бірінің білмеуі әбден мүмкін. Алайда «Он екі иректі» аудан көлемінде өтетін түрлі деңгейдегі шараларда ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші Ғалия Оспанова нақышына келтіре шырқағанда көрермендер ұйып тыңдайды. Көңілдерді көкке көтерген ән:
«Жасымда ән естуші ем
он екі ирек,
Көгендей ағытылған
түйдек-түйдек.
Көмейден күмбір-күмбір
келуші еді,
Бұл күнде оны айтатын әнші бөлек», – деп үздігіп барып аяқталғанда, жұртшылықтың үсті-үстіне қол соғып, өнерпазға айрықша қошемет көрсеткенінің куәсі болып келеміз.
Біз бүгін тілге тиек етіп отырған музыкалық шығарма қашан, қалай дүниеге келді? Осы сауалды шығармашылық иесі – сазгердің өзіне қойып, жауабын білгіміз келгенінде: «Кейбір үлкен мәселелер, күтпеген тұстан сәтімен басталып жатады. Бұл да сондай ыңғайымен келген істің бірі» – деп өткен күндер оқиғасын көз алдына келтірді...
1988 жылдың жадыраған жаз айының ортасы. Мектептегі мұғалімдік қызметтен қолы босап, кезекті еңбек демалысында жүрген. Аула ішіне егілген бау-бақшаны суғарып бітіріп, жаңа келген газеттерді парақтап қарай бастады. Нұрмаштың көзіне республикалық «Лениншіл жас» басылымының ішкі бетінде жарияланған қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбековтың бір топ өлеңдері түсті. Әдетінше ширатылған шумақтарды асықпай шолып шықты. Солардың арасынан оған «Он екі ирек» атты жауһар жыр қатты ұнады. Қайталап оқыған сайын терең сезім құшағына беріліп, қиял қанатында қалықтады. Бір кездері иығына сүйікті баянын асынып, оның пернелерін тергіштей бастады. Арада бірнеше тәулік өткенде өнер адамының кеудесін мазалап, шабыт шырғалаңына салған жаңа әуен жарыққа шығып, қалың қауымның кәдесіне жарады. Жақсы әнді естіген бірқатар ұжымдастары бұның қуанышына ортақтасып, талабы өрлей беруіне тілектестігін білдірді.
Көп ұзамай «Он екі ирек» қазалылық өнер сүйер қауымның да көзайымына айналды. Оны сахна төрінде алғаш рет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Ғалия Оспанова орындап, жиналған жұртшылық пен сазгердің талғамынан табылды. Бұл жөнінде әншіні әңгімеге тартқанымызда: «Маған Нұрмаш аға хабарласып, «Он екі ирек» туралы айтқанында дереу келісімімді бердім. Әп дегеннен, әдемі әуені мен мазмұнды сөзі көңіліме қона кетті.
Алдымен аудандық мәдениет ошағына алып шығып, кейін «Қорқыт сазы» ансамблінің құрамында қазақ теледидарының фильм концертіне түстім. Сол арқылы «Он екі ирек», «Аралым – аяулым» әні менің орындауымда республикалық радио-телевидениенің алтын қорына қабылданды.
Қасиетті Қазалы жерінен асып, облыс, република көлеміне танылған бұл әнді қазіргі күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы театр қызметкері Әлия Дәуітова, «Атамұра» халық ардагерлер ансамблінің мүшесі Күлпараш Сәрсенбаева, тағы басқалары әуелетіп, халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленіп жүр, – деп біз қажет еткен дерек көзін толықтырды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде «Он екі иректей» естіген жанды өзіне үйіріп алатын шұрайлы әуенімен көпке белгілі қазалылық сазгер Нұрмаш Алғашбаевқа талантыңыз мұқалмай, биік белестерді бағындыра беріңіз деген риясыз пейілімізді жеткіземіз.

Сахи Қапар