Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазалының Шәмшісі

Қазалының Шәмшісі

Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде жергілікті сазгер Нұрмаш Алғашбаевтың 70 жасқа толуына арналған «Жүректерді тербеткен жыр тамшысы, мерейлі мерекеңізбен, ел Шәмшісі» атты сұхбат кеш өткізілді.
Қара сөздің қаймағын қалқыған сазгер-ақын бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық ән шығарған. Сазгердің Отан, туған жер, табиғат, әке мен ана, бейбітшілік, махаббат, салт-дәстүр, тәуелсіздік тақырыптарындағы әндері республикалық телерадионың алтын қорында сақтаулы. «Жастық шақ әуендері», «Сырдың сұлу саздары», «Сыр әуендері» жинақтарына бір топ әндері, балаларға арналған бірнеше әуендері мектеп оқулықтарына енгізілген. «Әжем айтқан ертегі», «Суық торғай», «Сұр торғай», «Көгершіндер», «Анашым», «Егемен ел Қазақстан» әндері мектептердің 1-3 сыныптарға арналған музыка пәнінің бағдарламасында орындалып жүр. Бір айта кетерлік жайт, біраз әндерінің сөзін де өзі шығарған. Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты Нұрмаш Алғашбаев қазірде аудандық «Қорқыт сазы» ардагерлер ансамблінде өнер көрсетеді.
Мазмұнды басқосуда №266 мектеп-лицейдің ұйымдастырушы-педагогы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Бәймішев танымал сазгердің шығармашылық жолындағы еңбектеріне жетістіктер тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, осы білім ордасындағы химия пәнінің мұғалімі Гүлнар Жұмаева талантты сазгердің бір кездегі оқушылардың өнерін шыңдап, қалай қанаттандырғанын сағына еске алды.
Шара барысында жасөспірімдер мерейтой иесіне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Өз кезегінде сазгер көпшіліктің сұрауымен баян тартып, жанды дауыста ән шырқап берді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
17 сәуір 2018 ж. 2 967 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 59

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 63

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 49

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930