Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, қазаннан бастап теңгенің долларға шаққандағы бағамы 499-500 теңге деңгейіне дейін (9%-ға) тұрақты нығайғаны байқалып отыр.
"Мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақты сақталып тұр. Сонымен қатар, АҚШ Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендету циклі жаһандық доллар индексінің 8,3%-ға әлсіреуіне және жыл басынан бері дамушы нарықтардағы валюталар индексінің 8,3%-ға нығаюына ықпал етті", - деп жазылған хабарламада.
Үкімет, Ұлттық банк және егенттік 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асырып отыр.
"Бұл бағдарлама сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, бюджет шығыны тиімділігін арттыруға, микро және макропруденциалды реттеу шараларын іске асыруға, халықтың нақты табысын өсіруге, инфляцияны төмендету мен тұрақтандыру арқылы орнықты экономикалық өсімге жағдай жасауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтайтыны айтылды.
"Валюта нарығындағы жағдай тұрақты бақылауда. Қазір Ұлттық банк алыпсатарлыққа қатысты белсенділікті және оған араласуға итермелейтін қандай да бір факторларды байқап отырған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
04 желтоқсан 2025 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031