Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарымен кездесті

Аудан әкімі облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Әбдімәуленұлы Тоқтыбаевпен кездесті.
Кездесу барысында аудан көлеміндегі құқықтық ахуал, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру, халықпен тығыз жұмыс жүргізу және тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері де сөз болды.
Аудан басшысы құқық қорғау саласының айрықша жауапкершілік жүктейтінін атап өтіп, аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында Серік Әбдімәуленұлы алдағы уақытта бірлескен нәтижелі жұмыстардың өз жалғасын тауып, одан әрі жандана беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы істерге сәттілік тіледі.
04 желтоқсан 2025 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031