Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ілия Жақанов Сыр өңіріне арнап ән жазды

Ілия Жақанов Сыр өңіріне арнап ән жазды

«Сырдария вальсі» әнінің тұсаукесері Ілия Жақановтың Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткен шығармашылық кешінде өтті. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев композиторды шығармашылық кешімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
"Ілия Жақанұлының 200-ге жуық әндерінің көпшілігі халық әуендеріне жақын ұлттық дәстүрде жазылғандықтан тыңдаушының жүрегіне бірден жетеді.
Әрине, композитордың шоқтығы биік әні – «Еділ мен Жайық» екені белгілі. Бұл ән туралы жерлесіміз, бұлбұл әнші Роза Бағланова «Еділ-Жайық – әннің төресі» десе, Шота Уәлиханов «Ілия Жақанов Еділ мен Жайықты қатар толқытып, қазақтың еңсесін көтерді» деді. Ал, «Толағай» әнін Елбасымыз  сүйіп тыңдап қана қоймай, кездесу сәттерінде өзі де орындаған кездері бар", - деді облыс әкімі. 
Концертте Ілия Жақановтың "Еділ мен Жайық", "Жайлаукөл кештері", "Әселім-әнім", "Толағай" және өзге де әндері шырқалды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы кеше І.Жақановпен кездесу өткізіп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
27 қараша 2017 ж. 2 018 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930