Синоптиктер 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР аумағында орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы жоғары қысымды алқабында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ, дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл болады.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде желдің күші 15-20 м/с жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болады.
Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында 25 сәуірде түнде кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде 25 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 25, таңертең және күндіз 27 сәуірде қатты жаңбыр жауады.