Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Леп белгісі қандай жағдайда қойылады?

Леп белгісі қандай жағдайда қойылады?

Леп белгісі (!) – жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Бүгінгі материалымызда леп белгісі қай жерлерге қойылатыны туралы толығырақ айтамыз. Леп белгісі әдетте сөйлемнің соңына қойылады. Ғалым Рабиға Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы)» еңбегі бойынша талқылаймыз.

1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады.
Мысалы: Қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызынан күмбірлеп шығатын күй дәл осы лек-лек тасқын шабыс емес пе екен! (Ш.А.)

2. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады.
Мысалы: Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ тастады. (Ж.А.)

3. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Мәселен: Жасасын бірлік, бейбітшілік! Оны естігенде Бекболат Е, бәрекелді!.. ЯпырайТүгел түсіп пе? – деді. (Ж.А.)

4. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады.
Мысалы: «Құлыным-ау!» – деп Қалиша құшағын жайып құшақтай алғанда-ақ, Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезіп еді.
(Ғ.Мүс.)

5. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін.
Мысалы: “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! (М.Әуезов.)

6. Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.
Мысалы: Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:
– Ассалаумағалайкүм!.. – деп сәлем берді. (М.Ә.)
Осыған дейін, айдарымызда тыныс белгілердің басқа да түрлеріне талдау жасаған болатынбыз.

11 мамыр 2021 ж. 1 784 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 114

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 105

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30