Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұрыдан ағасын қорғамақ болған: Алматыда жігітті пышақтап, өлтіріп кетті

Ұрыдан ағасын қорғамақ болған: Алматыда жігітті пышақтап, өлтіріп кетті

Алматыда ағасын ұрыдан қорғамақ болған жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Алматыда ұрылар ұялы телефонын тартып алмақ болған туысқанына көмектескен жігіттің жүрегіне пышақ қадап, өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция бөлімшесінің баспасөз орталығы хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 2 тамыз күні түсте 53 жастағы ер адам үйінің жанындағы көшелердің бірінде серуендеп жүрген. Оған белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын тартып алуға тырысқан. Сол кезде зардап шегуші өзінің інісін шақырып, жас жігіт пен ұрлықшылардың арасында төбелес болған. Нәтижесінде жәбірленушінің жиені пышақ жарақатын алады.
"Оқиға туралы дабыл сигналы 102 контроллеріне жіберілгеннен кейін, жедел іздестіру шаралары қызметтік-іздестіру итінің көмегімен ұйымдастырылды. Аймақ толығымен тексеріліп, үйлердің біріндегі моншаның төбесінен күдікті табылды. Айта кететін жайт, қылмыскерді құрықтау барысында оның қолында пышақ болған. Ол департамент қызметкерлерімен де төбелесуге тырысқан", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полковник Танат Назанов.

03 тамыз 2019 ж. 1 019 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031