Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда Денис Тенге арналған көрме өтеді

Алматыда Денис Тенге арналған көрме өтеді

Тамыздың 26-сы күні Алматыда марқұм спортшы Денис Тенге арналған сурет көрмесі өтеді.
«Esentai Gallery залында өтетін сурет көрмесіне Денис Теннің өзі түсірген суреттер, сонымен бірге ол қатысқан спорттық шаралардан фотолар қойылады, достары мен әріптестерінің видеожобалары көрсетіледі. Кіру тегін, кез-келген адам келіп көрсе болады» деді сауда орталығының өкілі.
Көрме қыркүйектің 2-не дейін жалғасады.
19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.
Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталғаны белгілі болған. Бұған қоса, тағы бір күдікті қамауда.
Спортшының қазасынан кейін қазақстандықтар министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен.
25 тамыз 2018 ж. 1 467 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 41

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 42

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930